Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 516 бұйрығына
5-қосымша
5-қосымша күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 жылғы № 275 Бұйрығына сәйкес
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (14.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң) 7-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға, № 178 Қаулыға сәйкес жұмыспен қамтылғандардың жекелген санаттарына (бұдан әрі – жұмыспен қамтылғандардың санаттары), қандастарға, сондай-ақ студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (04.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.08.2019 жылғы № 461 Бұйрығына сәйкес (27.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес (12.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
4) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар – орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсетуді басқару функцияларын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;
6) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы сүйемелдейтін электрондық ақпараттық ресурс;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес (12.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
12) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
13) жұмыспен қамтудың жеке картасы – жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (14.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (04.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) халықты жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, жалақы немесе кіріс әкелетін жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруына байланысты еңбек қызметі;
16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
17) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құртын заңды тұлға;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 жылғы № 242 Бұйрығына сәйкес (14.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
19) кәсіптік ақпараттандыру – еңбек нарығының жай-күйі, Жалпыұлттық дерекқордың мәліметтері, бар мамандық бойынша жұмысқа орналасу, қатысушының кәсіптік біліктілігіне сәйкес қайта оқытудан, біліктілік арттырудан өту немесе кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мүмкіндігі туралы ақпарат беру;
19-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) кәсіби консультация – жұмыс орнын және белгілі бір мамандық таңдауда қатысушының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, қабілетін, кәсіби қызығушылығын ескере отырып, оған көмек көрсету;
3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың негізгі мақсаты қатысушының жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыру болып табылады.
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту немесе кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу мүмкіндіктері туралы кәсіптік ақпараттандыруды;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, тұлғаның кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығы қажеттіліктерінің негізінде жұмыс орны мен мамандық таңдауда кәсіби консультация беруді;
3) нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 18-бабында көрсетілген адамдар үшін жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге ұйымдарды тарта отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары, оның ішінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары, білім беру ұйымдары жүргізеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.06.2020 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес (26.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.10.2022 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Халықты жұмыспен қамту орталығы студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына еңбек нарығының жай-күйі, білікті кадрларға экономиканың болжамды қажеттіліктері туралы концультациялар береді.
7. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатарынан контингентті айқындайды және халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады.
2) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын кәсіптермен таныстыру және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау рәсімдерін жүргізу үшін жоғары және арнайы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын айқындайды;
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу өткізеді;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.10.2022 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) іріктеу нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтудың жекеше агентігі арасында студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізуге шарт жасалады.
10. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы экономиканың әртүрлі салаларындағы қызметтермен студенттерді және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын таныстыру бойынша кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін ұйымдар мен кәсіпорындардың тізбесін ұсынады.
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау өткізу жоспарына сәйкес білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен, халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, ата-аналардың, жұмыс берушілердің және кәсіптік білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен оқу орындарында кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
2) студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін негізгі ұйымдар мен кәсіпорындарда кәсіптер презентацияларын, экскурсиялар, ашық есік күндерін өткізу кестесін жасайды;
3) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарына сәйкес дағдыларды айқындауға қатысушыларға тестілеу жүргізіп, тестілеу нәтижелері бойынша студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына одан әрі кәсіби дамуы үшін консультация береді;
4) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп студенттер арасында жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
12. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудың және жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі консультациясының қорытындылары бойынша кейіннен жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту үшін қысқа мерзімді курстарға жіберу мақсатында болашақ кәсібін әлі таңдамаған оқушылардың тізімі қалыптастырылады.
13. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау кездесулер, дөңгелек үстелдер және семинар-тренингтер, кәсіптік экскурсиялар түрінде және басқа нысандарда жүргізіледі.
2-параграф. Жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, қандастарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (04.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес (12.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, қандастарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды кәсіптік бағдарлауды дербес жүргізеді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (04.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес (12.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығымен (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (04.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, жұмыссыздарға, қандастарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында іріктеу жүргізеді;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес (12.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.10.2022 жылғы № 442 Бұйрығына сәйкес (16.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) іріктеу қорытындылары бойынша жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, жұмыссыздарға, қандастарға және жұмыс іздеп жүрген адамдарға өтеулі негізде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу туралы шарт жасасады;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес (12.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі ұсынымының негізінде қатысушыны кәсіби іріктеуді жүргізеді, ол қатысушының жеке-психологиялық ерекшеліктерін диагностикалауды, нақты мамандық талаптарына оның жеке қасиеттерінің сәйкес келуін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндігін бағалауды қамтиды.
1) өңірдегі еңбек нарығының жай-күйі туралы кәсіптік ақпараттандыруды жүргізеді, семинарлар, тренингтер және түрлі кәсіп өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырады;
3) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы бойынша бос орындардың болуын және қатысушы таңдаған кәсіп бойынша оның кейіннен жұмысқа орналасуы үшін кадрларға қажеттілікті айқындайды;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 04.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (14.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, өңірлік палаталармен және кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлесіп, қатысушы таңдаған кәсіпке дайындалу процесімен және таңдалған мамандық бойынша жұмыс орындарын таныстыру бойынша жұмыс жүргізеді, кәсіптік бейімдеуді ұйымдастырады.
17. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарын, жұмыссыздарды, қандастарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды әлеуметтік кәсіптік бағдарлау Халықты жұмыспен қамту орталықтарының алаңында жүргізіледі.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.03.2019 жылғы № 146 Бұйрығына сәйкес (04.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес (12.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерімен, өңірлік палаталармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, болашақ мамандығын таңдап қойған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады.