Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2018
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1378 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 14 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 14.06.2018 жылғы № 347 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.07.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі бағдарламасы 2020 жылға дейінгі (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидалары ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 400 Қаулысына сәйкес (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 1378 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама
1. Бағдарлама паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.07.2016 жылғы № 400 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)

Атауы

Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 01-7.9 (ХТ) тапсырмасы (3.1.3-тармақ);

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен бекітілген Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдама.

Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Мақсаттар

Көрсетілетін қызметтер сапасын, қолжетімділігін арттыру, өнімділігі мен экспортын ұлғайту арқылы көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілетті саласын қалыптастыру

Нысаналы индикаторлар

1. Көрсетілетін қызметтер саласындағы еңбек өнімділігі, сағатына теңге

2. ЖІӨ-дегі көрсетілетін қызметтер саласының үлесі, %

3. Көрсетілетін қызметтер саласында жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

4. Көрсетілетін қызметтер экспортының өсуі, 2013 жылғы деңгейге %-бен

Міндеттер

1. Көрсетілетін қызметтер саласының сауда секторын дамыту

2. Көлік және логистика секторындағы көрсетілетін қызметтерді дамыту

3. Туристік қызметтердің нарығын дамыту

4. Жылжымайтын мүлік операциялары бойынша көрсетілетін қызметтерді дамыту

5. Кәсіби көрсетілетін қызметтерді дамыту

6. Ақпарат және байланыс секторының көрсетілетін қызметтерін дамыту

7. Қаржы көрсетілетін қызметтерін дамыту

8. Білім беру секторындағы көрсетілетін қызметтерді дамыту

9. Денсаулық сақтау секторындағы көрсетілетін қызметтерді дамыту

10. Көрсетілетін қызметтер саласын реттеудің институционалдық негіздерін жетілдіру

Іске асыру мерзімдері

2015 – 2019 жылдар

Қаржыландыру көздері және көлемдері

Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын қаржы шығындары республикалық бюджет есебінен, сондай-ақ меншікті қаржы есебінен көзделеді.

Бағдарламаны республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланады.

Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 тамыздағы кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін әзірленді.
Елдің әл-ауқатының өсуіне қарай, сервистік экономика экономикалық өсу мен жұмыспен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара бастайды. Соңғы уақытта көрсетілетін қызметтер саласы дамыған және дамушы елдердің экономикалық серпініне шешуші ықпалын тигізеді. Көрсетілетін қызметтер саласының экономикалық өсуге қосатын үлесі нақты сектор салаларының үлесін басып озады.
Экономиканың басқа салаларына қарағанда, жоғары білікті жұмыс орындары көрсетілетін қызметтер саласында көбірек құрылады. Шағын және орта бизнестің басым бөлігі өз қызметін көрсетілетін қызметтер саласында жүзеге асырады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларында жұмыспен қамту азайған кезде көрсетілетін қызметтер саласы өтемдік рөлін атқарады.
Адами капиталды тиімділігі аз секторлардан көрсетілетін қызметтер саласына қайта бөлу экономиканың өнімділігін, халықтың табысы мен өнімді жұмыспен қамтуды арттырады. Халықты көрсетілетін қызметтер секторы шеңберінде экономикалық өсу генерациясына тарту инклюзивтілік қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда көрсетілетін қызметтер саласы бүгінде жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) шамамен 54 %-ын құрайды, бірақ бұл дамыған елдердің көрсеткіштерінен біршама төмен.
«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатын қойды. «Қазақстан – 2050» стратегиясы шеңберінде көрсетілетін қызметтер саласы ЖІӨ-нің шамамен 70 %-ын құрауға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi