Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14018 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 19.05.2021 жылғы № 153 Бұйрығына сәйкес
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А. Мырзахметов 2016 жылғы 17 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ж. Қасымбек 2016 жылғы 24 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрі ______________ Қ. Қасымов 2016 жылғы 22 маусым
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусым № 262 бұйрығымен бекітілген
Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі
1. Finasol OSR 51, Франция
түсі: қалампыр түсті, қара;
қату температурасы, о С: <-37;
тұтану температурасы, о С: 65;
тығыздығы, г/см3: 0,87-0,89;
ерігіштігі: суда ериді;
биодеградациялану дәрежесі BOD5 /COD: OECD 301F 69% әдісі
кезінде 28 күнде жеңіл биодеградациялану.
2. Inipol IPF, Франция
түсі: ашық-сары;
қату температурасы, о С: < -30;
тұтану температурасы, о С: 78;
тығыздығы, г/см3: 0,91-0,94 (20о С);
ерігіштігі: көмірсутектер.
3. Corexit EC9500A, АҚШ
түсі: янтарлы;
қату температурасы, о С: <- 57;
тұтану температурасы, о С: 83;
тығыздығы, г/см3: 0,95;
ерігіштігі: сумен араластырады, рН 6,2
биодеградациялану дәрежесі BOD5 /COD: биоаккумуляцияға
қабілеттілігі күтілмеген.
4. Inipol IP-90, Франция;
түсі: ашық-сары;
қату температурасы, о С: <-10;
тұтану температурасы, о С: 64;
тығыздығы, г/см3: 0,95;
ерігіштігі: су.
5. Dasic Freshwater Dispersant, Ұлыбритания.
түсі: қоңыр;
қату температурасы, о С: <-10;
тұтану температурасы, о С: 72;
тығыздығы, г/см3: 0,9 (20о С);
ерігіштігі: суда ериді;
биодеградациялану дәрежесі BOD5 /COD: биодеградациялануға
жатады, биожинақталуы төмен.
Полная версия