Близость слов: Окончание:





Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 519 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 шілдеде № 13904 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшлік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрі 
_______________ А.С. Мамытбеков 
2015 жылғы 16 наурыз 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 
_______________ В. Жұмақанов 
2016 жылғы 9 ақпан 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е.А. Досаев 
2015 жылғы 11 маусым 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
_______________ Қ.Н. Қасымов 
2015 жылғы 16 мамыр 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_______________ Б.Т. Сұлтанов 
2016 жылғы 3 маусым 
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 519 бұйрығымен
бекітілген
Теңіз порттарын, оның ішінде халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.07.2019 жылғы № 462 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi