• Мое избранное
«Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы» қаулы жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы» қаулы жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктер туралы заңның 35-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай критерийлерге сәйкес келетін:
1) кредиттің мөлшері банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Пруденциялық нормативтердің жңне сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын жңне лимиттерін белгілеу туралы» 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 13 шілдеде № 13919 тіркелді) (бұдан әрі - № 147 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталының өлшемінен 0,02 пайызынан асатын;
2) тұрақсыздық айыбын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қамтамасыз ету жиынтығында қарыз алушының осы кредит бойынша міндеттемелерінің кемінде 50 (елу) пайызын жабатын не жоқ кредиттің қамтамасыз етілмеген кредит (бланкілік кредит) болып танылатыны белгіленсін.
Осы критерийлер жаңадан берілетін қамтамасыз етілмеген кредиттерге (бланкілік кредиттерге) қолданылады.
2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын бас банктің еншілес ұйымға берген кредит қамтамасыз етілмеген кредит (бланкілік кредит) болып танылмайды.
3. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлері № 147 қаулыға қолданылмайды.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О. Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы ______________
№ ____ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының күшi жойылған ден танылған нормативтiк құқықтық актi
«Қамтамасыз етілмеген кредиттің (бланкілік кредиттің) критерийлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 336 Қаулысы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 7 қаңтарда № 8255 тіркелді, 2013 жылғы 18 мамырда «Егемен Қазақстан» республикалық мерзімді басылымында жарияланды).