• Мое избранное
«Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығындары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 84734 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қараша «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Тақырыпты жаңа редакцияда мазмұндау:
«Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақты жаңа редакцияда мазмұндау:
«1. Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.»;
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндау.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;  
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы «__» _______ № ___
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 30 қазандағы № 113
бұйрығымен бекітілген
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-18) тармақшасына сәйкес әзірленген және шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурсты (бұдан әрі - тендер) өткізуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) лизинг бepуші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
2) тендерлік өтінім – тендерді ұйымдастырушыға тендерге қатысушы ұсынған, тендерді ұйымдастырушының және осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын қоса отырып, осы Қағиданың талаптарына сәйкес ресімделген өтінім;
3) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға;
5) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын заңды тұлға.
3. Тендерді өткізудің ұйымдастырушысы (бұдан әрі – тендерді ұйымдастырушы):
1) облысаралық қатынастарда – уәкілетті орган;
2) ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда - жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар болып табылады.
2. Тендерді өткізу тәртібі
1-параграф. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу және бекіту реті
4. Тендерге конкурстық құжаттаманы тендерді ұйымдастырушы әзірлейді және бекітеді және мыналардан тұрады:
1) интернет-ресурстер арқылы шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жарнама;
2) лоттар бөлігінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырудың негізгі талаптары (бұдан әрі – тасымалдаудың негізгі талаптары);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдаудың дамуының негізгі талаптары (бұдан әрі – тасымалдаудың негізгі талаптары);
4) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған көлемі және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша қызметке бағаның (тарифтердің) шекті деңгейі (бұдан әрі – ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған деңгейі және бағаның жоғарылауының шекті деңгейі) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес жылдар және лоттар бөлігінде;
5) тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондардың есепке ала отырып әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар айналымының жоспарланған көлемі (бұдан әрі – жоспарланған жолаушылар айналымының көлемі) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес жылдар және лоттар бөлігінде.
5. Тендерге шығарылатын лоттар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынауға жоспарланған поездар бойынша құрылады. Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар бойынша лоттар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүру кезінде оларды тіркеу бірінші жоспарланған құрамға поезбен бір лотта құралады. Тіркелмелі және тікелей қатынайтын вагондар үшін жеке лоттарды құрастыру қарастырылмайды.
6. Тасымалдаудың негізгі талаптары және жолаушылар айналымының жоспарланған көлемінің көрсеткіштері «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 34-23) тармақшасымен сәйкес уәкілетті органмен бекітілген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы жүзеге асырушы тасымалдаушылар шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін анықтау Қағидасымен (бұдан әрі - Қағида) сәйкес құралады.
7. Дамудың негізгі талаптары әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалының сапалық көрсеткіштерін жоғарылату есебінен құралады.
8. Ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған көлемі және бағаны жоғарылаудың шекті деңгейі сәйкесінше деңгейде бекітілген бюджет шегінде құралады.
Келесі жылдарға сәйкесінше бюджет бекітілмеген ұзақ мерзімді субсидиялаудың жоспарланған көлемі және бағаны жоғарылаудың шекті деңгейі сәйкесінше деңгейдің бюджеті бекітілген соңғы жылдың деңгейінде құралады.
9. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру мерзімі халықтың осындай тасымалдауға тәуелділігіне байланысты бес жылдан кем емес мерзімде тендерді ұйымдастырушылармен анықталады.
10. Тендерге конкурстық құжаттар тендерді ұйымдастырушының бірінші басшысымен, не ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адаммен бекітіледі.
2-параграф. Комиссияны құру
11. Тендерді өткізуді қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия құрамы тендерді ұйымдастырушының бірінші басшысы, не ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адаммен бекітіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
12. Комиссия қатысушылардың тендерлік өтінімдерін қабылдайды және қарайды, тендер өткізеді және жеңімпаздарды анықтайды.