• Мое избранное
«Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
ЖОБА
Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымындағы № 616 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық меншіктен жалпы ұзақтығы 18 километр М-38 «Россия Федерациясы шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай» 390-408 шақырым автомобиль жолының учаскесі Павлодар облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Павлодар облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолы М-38 «Россия Федерациясы шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай» құрамын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Есеп комитеттінің 2015 жылгы 3 желтоқсандағы №26-К,қаулысының 3-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, Павлодар облысы әкімінің 2016 жылғы 8 маусымдағы №1/9.1-04/1042 қолдау хаты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2016 жылғы 15 маусымдағы №КГИП-7-4559-КГИП-2041хаты.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Қаулы жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражаттарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Павлодар қаласы бойынша автокөлік құралдардың қауіпсіз және үздіксіз өтуін қамтамыз ету мақсатында.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ



9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына Қазақстан «Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Жоба ҚР ИДМ www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Қаулы жобасы әлеуметтік маңызды болып табылмайды

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

14

Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Талап етілмейді



Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі Ж. Қасымбек
2016 жылғы «___» _________________