• Мое избранное
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 373 Жарлығы

Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Құпия.
2. Құпия.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар  бекітілсін.
4. Құпия.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2016 жылғы 22 қарашадағы
 № 373 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
 ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына :
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде :
49) тармақша  мынадай редакцияда жазылсын:
«49) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін өзге де органдардың жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржылық-шаруашылық және әскери-медициналық қызметін ұйымдастырады және стратегиялық жоспарлауды, бақылау мен аудитті жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 64-19) тармақшамен толықтырылсын:
«64-19) мемлекеттің киберкеңістіктегі инфрақұрылымдары объектілерінің ақпараттарын, коммуникациялары мен стратегиялық объектілерін киберқорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;»;
12-3-тармақтың 5) тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қорғаныс өнеркәсібі кешені, атом энергетикасы, биотехнологиялық кешен, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;».
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлімнің  «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген кіші бөлімде :
3-жол  алып тасталсын*;
4 , 5  және 6-жолдар  мынадай редакцияда жазылсын*:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі.»;
7 , 8  және 14-жолдар алып тасталсын*;
2.  Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 470 Жарлығымен (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4. Құпия.
5. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдегерлік қызмет және прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына: («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар)**.
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)
7. Құпия.
8. Құпия.
9. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери лауазымдары мен оларға сәйкес әскери атақтарының тізбесін бекіту және «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қбп Жарлығына («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).
Ескертпе:
* тиісті мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыруға және қайта атауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдер аяқталған күннен бастап қолданысқа енгізіледі;
** біріктірілген, қосылған және қайта аталған тиісті мемлекеттік мекемелер бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2016 жылғы 22 қарашадағы
 № 373 Жарлығымен бекітілген
 Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 кейбір жарлықтарына енгізілетін
 өзгерістер мен толықтыруларға
 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2000 жылғы 12 мамырдағы
 № 392 Жарлығына
 2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі

Төраға

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-полковнигі

Төрағаның бірінші орынбасары

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Төрағаның орынбасары -

Шекара қызметінің директоры

- генерал-лейтенант

Төрағаның орынбасары -

«А» арнаулы мақсаттағы қызметінің

директоры

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары -

Қарсы барлау қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары -

Терроризмге қарсы қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-лейтенанты

Төрағаның орынбасары -

Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Үкіметтік байланыс қызметінің директоры

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Қарсы барлау қызметі

Қарсы барлау операциялары

департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Терроризмге қарсы қызметтің Халықаралық

терроризмге және діни экстремизмге қарсы

күрес департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Терроризмге қарсы қызметтің Конституциялық құрылысты қорғау

департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Экономикалық қауіпсіздік қызметінің Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Әскери қарсы барлау департаментінің бастығы

- генерал-майор

Стратегиялық жоспарлау, бақылау және аудит департаментінің бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Академия бастығы

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Шекара қызметі академиясының бастығы

- генерал-майор

Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар Оңтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары бойынша департаменттер бастықтары

- ұлттық қауіпсіздік

генерал-майоры

Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы

- генерал-майор

Шекара қызметі директорының орынбасары (кадр, қаржы-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететінді қоспағанда)

- генерал-майор

Шекара қызметі өңірлік басқармасының бастығы

- генерал-майор

контр-адмирал