Bestprofi Logo

Қаулы № 112 от 2017-03-10г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (21.11.2022 жылғы редакцияны қараңыз)

2. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

«Ұлттық компаниялар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-жолмен толықтырылсын:

«43. «KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы».

3. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағанындағы «ҚЭГ» АҚ,» аббревиатурасы алып тасталсын;

реттік нөмірі 26-жолдың 6-бағанындағы «ҚЭГ» АҚ (келісім бойынша),» аббревиатурасы және сөздері алып тасталсын.

4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.11.2022 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание