• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 сәуірде № 15025 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 14 наурыздағы
№ 115 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу

Мемлекеттік орган, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы

Стипендия

студенттерге

магистранттарға

1.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

919

7

2.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

11

-

3.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

95

1

4.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

53

-

5.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

1

-

6.

Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы

1

-

БАРЛЫҒЫ

1080

8