Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 217 бұйрығына
1-қосымша
«Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 02.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
қайта тіркеу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште рәсімделеді, басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) порталдың: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;
өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;
өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі.
парфюмерлік-косметикалық өнімде наноматериалдар пайдаланған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер шамасы, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алып наноматериалдар туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;