• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2020 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына 5-қосымша

«І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-39/2020 Бұйрығына сәйкес       
Редакция 02.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «I-IV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес микрорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру портал арқылы тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасна сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) порталға өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
орындалатын зерттеулер номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.