1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына 7-қосымша
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-39/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 02.12.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкімет»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын бере отырып маман куәлігі (бұдан әрі – куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) порталдың: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-28 Бұйрығына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
кәсіби даярлықты бағалаудың және оны растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
соңғы 5 (бес) жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
үміткердің соңғы 2 жыл ішіндегі есебі (үміткердің қалауы бойынша көрсеткіштердің қысқа талдамалық шолуы бар, осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер);
Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз куәлікті алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
біліктілік санатын бере отырып, бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктердің не біліктілік санатын беру туралы бұйрықтардан үзінділердің электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12027 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығымен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдерін бекіту туралы қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым Министрліктің: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс немесе көрсетілетін қызметті берушінің осы мемлекеттік көрсетілетен қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлары бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шағымының портал арқылы қабылданғанын растау тіркелуі туралы хабарлама болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |