ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ережеде:
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының жұмыс органы әкім аппаратының құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде кіретін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығы болып табылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығын меңгеруші басқарады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығының меңгерушісін тиісті әкім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.».
3. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«1. Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген тарауда:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары»;
«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:
«Б» корпусы бөлімінде:
В санаттары тобының В-2 санатында:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті директорының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомствосы департаменті директорының орынбасары»;
С санаттарының тобында:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері» кіші тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері»;
4. «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бірінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында (төртінші санатты қоспағанда), не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 14-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.»;
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1. Үшінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-1-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.»;
15-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2. Төртінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не A-3, В-3, С-3, D-3, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқарма басшыларынан, бірінші басшыларының көмекшілерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқарма басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдардан) төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-2-тармағының бірінші абзацында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде департамент басшыларынан және оның филиалдары басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны кемінде елу адам болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің (мемлекеттік органдардан басқа) немесе ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың басшылары орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, сондай-ақ Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарау;»;
«3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерi Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес беріледі;
4) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсынуынан 10 жұмыс күніне дейін нотариат немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;»;
8) тармақша алып тасталсын;
«16. Құжаттар он жұмыс күні ішінде қолма-қол, поштамен не электрондық пошта арқылы қабылданады.
Құжаттарды қабылдау күні «А» корпусының кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыруда белгіленеді.
17. Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат беріледі. Құжаттар поштамен ұсынылғанда, оларды тіркеу туралы қолхат жіберушінің пошта мекенжайына жолданады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы қабылданған жағдайда, оларды тіркеу туралы қолхат электронды түрде жіберіледі.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшелері құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарын «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін қарайды.»;
«22. Бас тартылған жағдайда кандидаттарға бес жұмыс күні ішінде кандидат өтінішінде көрсеткен электрондық пошта бойынша дәлелді жауап ұсынылады.
23. Осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің тестке жіберуден бас тарту туралы шешіміне кандидат уәкілетті органға хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.»;
24-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 46-тармақпен толықтырылсын:
«46. «А» корпусының кадр резервіне конкурстық іріктеуден өтпеген адамдар іріктеу аяқталған күннен бастап, тиісті өтінішін бере отырып, бір ай ішінде өздерінің құжаттарын қайтарып алуы мүмкін.».
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидаларында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Осы Қағидалардың 5 және 8-1 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, «А» корпусының кадр резервіне алынған күнінен бастап екі жылдың өтуі;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімінде ұсынылған «А» корпусы лауазымының санатынан екі реттен артық жазбаша бас тартуы негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімі Ұлттық комиссияның лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның (органның) ұсынымы негізінде ол жетекшілік ететін санат бойынша «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімін ұзарту туралы шешімі болған кезде екі жылға ұзартылуы мүмкін. Мұндай шешімді Ұлттық комиссия адамның кадр резервінде болу мерзімі ішінде қабылдауы тиіс.
Бұл ретте «А» корпусының кадр резервінде болу мерзімін ұзарту бір реттен аспайды.».
5. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінде:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланатын жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей өткізіледі.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының қызметшілерін жылдық бағалауға талдауды жүзеге асырады және 20 ақпаннан кешіктірмей оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жұмыс органына енгізеді.»;
«26. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау оның нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемемен айқындалған мерзімде өткізіледі.
Егер «Б» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оны бағалау өткізілмейді.
27. Әлеуметтік демалыстағы «Б» корпусы қызметшілері «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалаудан мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістемемен айқындалған мерзімде жұмысқа шыққаннан кейін өтеді.»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстық маңызы бар қалалар, облыстардың аудандары және қалалардағы аудандар әкімдерінің, С-О-1, С-О-2, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-O-2, Е-1, Е-2, E-R-1, E-R-2 санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілдің тәртіптік жауаптылығын мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
«25-1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Президент бастамашылық еткен тәртіптік жаза, Ұлттық комиссияның келісімінсіз қолданылады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Лауазымын төмендету, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту және атқаратын лауазымынан босату түрiндегi тәртіптік жазалар жүргiзiлген қызметтiк тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша Комиссияның тиiстi ұсынымдарына сәйкес қолданылады.»;
49-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасауы кезеңінде, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болып табылатын мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайларда тоқтатыла тұрады.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Комиссия отырысының барысы осы Қағидалардың 66-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша Комиссия шешімдері тіркелетін хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды, содан кейін персоналды басқару қызметі өзіне қатысты тәртiптiк жауаптылығы қаралатын қызметшіні таныстырады.
Хаттамаға отырыстың дәлжазбасы қоса берілуі, ал отырыс барысы техникалық құралдар арқылы тіркелуі мүмкін. Тәртіптік жауаптылық мәселелерін қарау мемлекеттік құпияларды қамтитын жағдайларды қоспағанда, отырыс уақытында мемлекеттік әкімшілік қызметші техникалық жазба құралдарын пайдалана алады. Техникалық жазба құралдарын пайдалану конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алуды оны қолданған уәкілетті адам Ұлттық комиссияның, Әдеп жөніндегі комиссияның, Өңірлік кадр комиссиясының, Әдеп жөніндегі кеңестің немесе Комиссияның келiсiмiмен жүргізеді.»;
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.
Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.
Жаза қолданған уәкілетті адам ұсынысты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.».
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайлардан басқа, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.».
6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 552-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары):
5-тармақтың бірінші бөлігінің 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.».
7. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 573-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеде:
1-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-0-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ дербес лауазымға орналасқан әдеп жөніндегі уәкілге (бұдан әрі – қызметшілер) қатысты тәртіптік істерді қарау.»;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Агенттіктің Аппарат басшысына Әдеп жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту бойынша ұсыныс, сондай-ақ оның құрамын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізеді;»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уақытша еңбекке жарамсыздығы жағдайында болған, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару үшін жұмыстан босатылған, демалыста, іссапарда болған уақытты қоспағанда, Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарына бір жылдың ішінде үш реттен артық келмеген;»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы Агенттік төрағасының не Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының бастамасы бойынша жылына бір рет қайта қаралуы мүмкін.»;
16-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер оларға Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, құқықтық күші бар деп саналады;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Әдеп жөніндегі кеңес оның отырысына қатысып отырған мүшелерінің санының қарапайым көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері дауыс беру кезінде қалыс қала алмайды.»;
22-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасауы кезеңінде, сондай-ақ тәртіптік істі қозғауға негіз болған мәселе сот тәртібімен қаралған жағдайда тоқтатыла тұрады.».
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы №74 Жарлығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |