Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 154 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 154 қулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:
«5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі.».
2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:
«3. Қызметтер көрсетудің жеке тәртібі белгіленетін ЖПТЖ-ның негізгі пайдаланушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР Қорғанысмині), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – ҚР МКҚ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі және мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша басқа да мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) болып табылады.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (29.08.2023 жылғы редакцияны қараңыз)
4. «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:
«2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі болып табылатынын хабарласын.».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 734 Бұйрығымен (29.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 733 Қаулысымен (12.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзіретті органын және құзіретті органдарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 231 қаулысында:
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі – құзыретті органдар болып айқындалсын».
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |