• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 213 қаулысы

Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 3-тармағын, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағының он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 сәуірдегі
№ 21 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (19.04.2019 жылғы редакцияны қараңыз)
2. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысында:
«ӘКК миссиясы, пайымы, мақсаттары және міндеттері» деген кіші бөлімде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Инвесторларға үлескерлік қаржыландыру, активтермен қатысу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру алу арқылы жобаларды іске асыруда жәрдемдесу.»;
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың мемлекеттік органдармен және даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері» деген кіші бөлімде:
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘКК жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламалар арқылы мемлекеттік қолдау көрсетіледі.»;
он екінші бөлік алып тасталсын;
он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша өңірлік операторлардың рөлін атқара алады және жергілікті деңгейде даму институттарының мүддесін білдіре алады. Бұл тиісті нормативтік құқықтық актілерде және оператордың қызметін көрсету бойынша даму институттары және ӘКК жасасқан шарттарда көзделетін болады. Бұл ретте ӘКК-нің операторлық жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне бюджеттік бағдарламалар шеңберінде ақы төленеді.»;
«Тиімділікті бағалау» деген кіші бөлімде:
1-абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ӘКК қызметінің тиімділігін бағалауды ЖАО жүргізген ӘКК даму жоспарларының іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ мынадай тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес ЖАО жүзеге асырады:».
3-тармақ осы қаулының 3-тармағына сәйкес, халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
3. «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1055 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 797-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерлемелерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары;
2) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың сыртында ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың сыртында ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі, инвестицияларды тарту саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, жарнама, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері аясындағы, аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны, қоғамдық маңызы бар нарықтарды реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 38-2) тармақшамен толықтырылсын:
«38-2) жарнама саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ақпараттандыру және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын орталық уәкілетті органдармен бірлесіп елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 139-1) тармақшамен толықтырылсын:
«139-1) Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 339-81) және 339-82) тармақшалармен толықтырылсын:
«339-81) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
339-82) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту.»;
151) тармақша алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 4 қазандағы
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібін (бұдан әрі – төлемақы) белгілейді.
2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу тәртібі
3. Төлемақы мөлшері төлемақы мөлшерлемелері және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың:
1) хабарламада көрсетілген;
2) сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органы белгілеген нақты мерзімі негізге алына отырып есептеледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама күнтізбелік бір айдан аз мерзімге орналастырылған кезде төлемақы мөлшері күнтізбелік бір ай үшін айқындалады.
4. Төлемақыны төлеу сыртқы (көрнекі) жарнаманы ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырған кезде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ал сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама жіберілмей орналастырылған жағдайда облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарламасы немесе мәліметі орналасқан кезде жүргізіледі.
5. Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастыру орны бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алынады.
6. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына енгізілуге жататын төлемақы сомасы ай сайын, ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді.
Төленген төлемақы сомалары қайтаруға жатпайды.
Бұл ретте сыртқы (көрнекі) жарнама хабарлама негізінде орналастырылған жағдайда, жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы төлеу хабарлама жіберілгенге дейін жүргізілуге тиіс.
7. Тиісті хабарлама болмаған жағдайда жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төлемақы сомасын өндіру және есепке салу үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы нақты орналастыруы негіз болып табылады.
Бұл ретте төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактісі анықталған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде хабарламасыз Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған мөлшерлемелер бойынша бір күнтізбелік ай ішінде төлемақы төлейді.
8. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлама жіберілген кезде төлемақы төлеушілер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақы сомасының жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына енгізілгенін растайтын құжатты қоса береді.
Төлемақы сомасы сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төленеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 қазандағы
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерлерде орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне қарай айқындалады.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардың сыртында ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданына қарай белгіленеді:

Р/с №

Сыртқы (көрнекі) жарнаманың түрлері

Аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерлерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерлерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір тарапы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ге дейінгі сыртқы (көрнекі) жарнама

0,5

2.

Лайтбокстар (сити-форматтағы)

1

3.

Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай болатын сыртқы (көрнекі) жарнама:


 

3.1.

2-ден 5 ш.м-ге дейін

1

3.2.

5-тен 10 ш.м-ге дейін

2

3.3.

10-нан 20 ш.м-ге дейін

3

3.4.

20-дан 30 ш.м-ге дейін

5

3.5.

30-дан 50 ш.м-ге дейін

7

3.6.

50-ден 70 ш.м-ге дейін

12

3.7.

70 ш.м-ден жоғары

25

4.

Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):


 

4.1.

30 ш.м-ге дейін

6

4.2.

30 ш.м-ден жоғары

8

5.

Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама:


 

5.1.

5 ш.м-ге дейін

0

5.2.

5-тен 10 ш.м-ге дейін

0

5.3.

10 ш.м-ден жоғары

1

6.

Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама:


 

6.1.

2 ш.м-ге дейін

0

6.2.

2-ден 5 ш.м-ге дейін

0

6.3.

5-тен 10 ш.м-ге дейін

1

6.4.

10 ш.м-ден жоғары

2

7.

Жылжымалы жайма жарнама

1

8.

Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама:


 

8.1.

20 ш.м-ге дейін

3

8.2.

20 ш.м-ден жоғары

8

9.

Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама

1

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 сәуірдегі
№ 213 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 69-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 848 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 264-құжат).
3. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 34-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 591 қаулысы.