ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 76 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 76 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 36, 337-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Институт құрылымында Институттың Үйлестіру кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.
Институттың Үйлестіру кеңесі Институт қызметінің негізгі бағыттарын келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын өзге функцияларды жүзеге асырады.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколына 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі».
4. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 52-құжат):
1-тармақта «388» цифрлары «408» цифрларымен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы осы Өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты берілетін адамдардың тізбесінде:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі.».
6. «Қазақстан Республикасының Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 38-39, 368-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Уәкілетті органның шешімі бойынша мекеме құрылымында мекеменің Үйлестіру кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін.
Мекеменің Үйлестіру кеңесі мекеме қызметінің негізгі бағыттарын келісуді жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын өзге функцияларды жүзеге асырады.».
7. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«1. Саяси мемлекеттік лауазымдар» тарауында:
мына жолдан кейін:
«Республиканың Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, директордың орынбасарлары»
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесінің директоры»;
мына жол:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары»
мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары».
8. «Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
мына жол:
«
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының директоры «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры |
Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесінің директоры «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры |
Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы |
».
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 76 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Президент Кеңсесі
Президенттің көмекшілері
Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары
Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары
Президенттің кеңесшілері
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы
Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі
Мемлекеттік-құқық бөлімі
Жалпы бөлім
Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі
Ішкі саясат бөлімі
Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі
Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі
Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі
Мемлекеттік басқару бөлімі
Стратегиялық жоспарлау бөлімі
Құқық қорғау жүйесі бөлімі
Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі
Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
Президенттің Парламенттегі өкілдігі
Президенттің Протоколы
Президенттің Баспасөз қызметі
Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Спичрайтинг тобы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |