• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысы

Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
13) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
14) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қарағанды индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
15) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
16) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
17) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қарағанды техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
18) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
19) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рудный индустриялық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Рудный индустриялық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
20) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
21) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
22) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
23) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты», «Математика және механика ғылыми зерттеу институты», «Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты», «Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты», «Физика-химиялық әдістерді талдау және зерттеу орталығы», «Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты», «Ғылыми-технологиялық парк» және «Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорындары біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
24) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
25) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамдар қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;
2) қоғамдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) басқару органдары құрылғанға дейін қоғамдардың атынан мемлекеттік тіркеу, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіру үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамды сайлауды;
4) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 қазандағы
​ № 752 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі:
1) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-14-жолмен:
«13-14. «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-193-жолмен:
«21-193. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
3) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-8-жолмен:
«38-8. «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;