• Мое избранное
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ Заңы

Редакция 26.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Кіріспе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды және кеңінен танытуды қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
3) тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық деңгейде кеңінен таныту;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары
Осы Заң 2-1-баппен толықтырылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану үшін жағдайлар жасау;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және сақтау;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуді қолдау;
4) ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттар үшін тарихи-мәдени мұра объектілерінің жалпыға бірдей қолжетімді болуы.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ансамбльдер мен кешендер – фортификациялық, сарай, тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік, сауда, өндірістік, ғылыми, оқу, ғибадат ету мақсатындағы оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, құрылыстар мен құрылысжайлардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда тұйықталған қоныстардың тарихи жоспарлану және салыну фрагменттері;
2) археология ескерткіштері – археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру арқылы анықтауға, зерттеуге және сақтауға жататын тұрақтар, қалашықтар, құрылыстардың, қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, қорымдар, қорғандар, некропольдер, мегалиттік құрылысжайлар, балбал тастар, петроглифтерді қоса алғанда, жартастағы бейнелеу өнерінің объектілері, елді мекендердің тарихи-мәдени қабатының учаскелері және өткен тарихи кезеңдегі адамның өмірі мен қызметінің ізі бар өзге де объектілер;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (17.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) археологиялық жұмыстар – археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі жоспарлы немесе жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (17.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізілімі – археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын тізбесі;
3-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімі – археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензия негізінде Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын тізімі;
3-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-3) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе – археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
3-бап 3-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-4) археологиялық материал – археологиялық жұмыстар барысында анықталған және ғылыми зерттеу объектілері ретінде құндылығы бар заттар мен үлгілер;
3-бап 3-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-5) жалпы археологиялық олжалар – ерекше құндылығы жоқ және жиынтығында зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін, фрагменттер, бөлшектер немесе көптеген бір типті заттар түріндегі археологиялық олжалар;
3-бап 3-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-6) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар барысында алынған және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийінде сақталуға жататын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың жиынтығы;
3-бап 3-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-7) жеке-дара археологиялық олжалар – ерекше тарихи, мәдени, ғылыми құндылығы бар және зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін археологиялық олжалар;
3-бап 3-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-8) жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстар – игерілуге жататын жер учаскелерінде орналасқан және (немесе) бұзылу қаупі төнген тарихи-мәдени мұра объектілерін археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі жұмыстар;
3-бап 3-8-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-9) жоспарлы археологиялық жұмыстар – археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылатын, тарихи-мәдени мұра объектілерін археологиялық барлау мен қазбалар жүргізу арқылы анықтау, зерттеу және сақтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары;
3-бап 3-9-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2025 жылғы № 242-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 26.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) киелі объектілер – айтулы тарихи оқиғалармен және аса көрнекті тұлғалармен, сондай-ақ халықтың рухани құндылықтарымен байланысты тарихи және есте сақтарлық жерлер, қолмен жасалған және табиғи ғибадат ету объектілері, ландшафттар, құрылысжайлар;
5) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімі – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне қосу үшін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесі;
6) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулеті, халық сәулетшілігі құрылысжайлары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саябақ өнері туындылары, табиғи ландшафттар;
7) қорғау міндеттемесі – тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі мен тарих және мәдениет ескерткіші меншік иесінің немесе оны пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын тіркейтін құжат;
8) мемориалдық тақта – аса көрнекті тұлға немесе айшықты оқиға туралы ақпарат қамтылатын, ғимараттар мен құрылысжайлардың қасбеттеріне орнатылатын, мәрмәрдан, граниттен, металдан немесе басқа да материалдардан жасалатын тақтайша;
9) монументтік өнер құрылыстары – аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументтік өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер);
10) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілері;
11) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар – тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу, жобалау және өндірістік жұмыстар;
12) Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі – тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған, түрі, санаты және координаттары көрсетілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізбесі;
13) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы – осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығы оның меншік иесімен жасалатын шарт негізінде берілген жеке немесе заңды тұлға;
14) тарихи-мәдени мұра объектілері – тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетика, этнология, антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан қызығушылық туғызатын, тарихи процестер мен оқиғалар нәтижесінде пайда болған, өздерімен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым, техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын объектілер;
15) тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізімі (бұдан әрі – алдын ала есепке алу тізімі) – зерделеуге және тиісті мәртебесін айқындауға жататын, жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
16) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) тарихи-мәдени сараптама – тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңыздылығын және сақталу дәрежесін анықтауға бағытталған зерттеу;
18) тарихи-сәулет тірек жоспары – тиісті жергілікті жердегі тарих және мәдениет ескерткішінің аумағы мен орналасқан жерін тіркейтін құжат;
19) Ұлттық пантеон – аса көрнекті мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан адамдарды мәңгі есте сақтау мақсатында салынған, мемориалдық маңызы бар сәулет объектісі болып табылатын, қайтыс болған (қаза тапқан) адамдарды жерлеуге арналған орын;
20) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізімі – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің шешімі негізінде қалыптастырылатын дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра объектілерінің тізбесі.