Қапшағай қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 05-13 шешімі
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учасілерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылдың 30 қаңтарда № 3012 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінде 2015 жылдың 03 ақпандағы № 06 (311) жарияланған) № 01-02 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 20 наурыздағы "Қапшағай қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскілерін құру туралы" № 01-02 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылдың 14 сәуірде № 3133 тіркелген, "Нұрлы өлке" газетінде 2015 жылдың 22 сәуірде № 17 (322) жарияланған) № 03-06 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы міндетін атқарушы Нағима Әлиқызы Арқарбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.