• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Аким Восточно-Казахстанской области ответ от (15.08.2016) на обращение от (19.07.2016) № 442457
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Аким Восточно-Казахстанской области ответ от (15.08.2016) на обращение от (19.07.2016) № 442457

Вопрос
Тұрғанбаев Мейрамғазы ШҚО Тарбағатай ауданының тұрғыны мен 2009 жылдың сәуір айынан бастап « Акерке» шаруа қожалығының төрағасы ретінде сол мал шаруашылық қожалығының мал шаруашылығын жүргізем. Тарбағатай аудандық салық комитетінде кәсіпкер ретінде тіркеулімін.Тарбағатай аудандық жер қатынастар бөлімінде « Акерке» шаруашылығы тіркелген. Менің қолымдағы «сенімгерлікпен басқару шарты» әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен, ол әділет органының 2009 жылғы 25 сәуір №09/1213, 09/1214 мөртанбаларымен және мөрімен расталды. Сонымен қатар аталып отырған қожалық, ауыл шаруашылық министірлігінде мемлекеттік міндетті тіркеуден өтіп «Қазақстан ауыл шаруашылығы министірлігінің , Өндіріс обьктісіне есеп беру туралы № 000402 куәлігі берілген» . Қазір аталып отырған жерде мемлекеттік субсидияландыру бағдарламасы бойынша мал асылдандыру жұмыстары жүріп жатыр. 2013-14 жыл аралығында 480 000 мың теңгеге асыл тұқымды бұқа сатып алынды және 30 аналық бастың жемшөбіне үкімет ақша бөліп отырды. Менің сіздерге осы арызды ( өтініш ретінде) жазып отырған себебім; Тарбағатай аудандық құзырлы мемлекеттік органдардың оның ішінде атап айтқанда – жер қатынастар бөлімінің бастығы Жанпеисов мырзаның жағдайды біле тұра, сыбайластыққа барып заңды белшесінен бұзып, ҚР зыңдамасына қарама-қайшы іс жасап , заңды біле тұра көз жұмуда. Онымен қоймай менің қолымдағы шартты /мазмұны заң талабына сай келмейтін мәмілені жарамсыз,- деп тану туралы талап арызбен мені сотқа беруде. Арыз ( Өтініш тұрғысында) Атап айтқанда зейнеткер Нүкешова Нүрбатия, Асем Қозыханқызы және куйеу баласы Габдуллин Ерғанат ҚР заң талаптарын өрескел бұзып пайдакүнемдік мақсатта 2009 жылы менен ақшалай 500 000 мың сый ақы алып өздеріне тиесілі 49 жылға мемлекеттен жалға алған 33 .0 га шабындық жерді және 527.0 га жайлымдық жерді маған яғни М.Қ.Мейрамғазыға 15.04.2009 жылы сатып, жер теліміндеге қыстақтағы үй мен қора жайды кейінірек өз атына аударып береміз деп сендіріп, мемлекет алдындағы жауапкершіліктен жалтару ниетімен сенімгерлікпен басқару негізінде келісім шарт жасады. Аталып отырған адамдар өздеріне тиесілі мемлекеттен 49 жылға жалға алған жерлерін қараусыз қалдырып 2004-2009 жыл аралығында салық міндеттемелерін орындамай, жердің салығын төлемей кейін өздеріне тиесілі емес мемлекеттен пайдалануға алған жер телімдерін маған сатып ҚР заңдамаларына қайшы пайдакүнемдік мақсатта мемлекетке маған елеулі шығын келтірді. ҚР Жер кодексінің 36 бабының 3 тармағы , 38 бабының 5 тармағы және де осы заң нормасының 39 бабының талаптары Жер пайдаланушы ретінде Н.Нүкешовамен басқа жанұя мүшелеріне белгілі болуга тиіс. Осы жағдайларды біле тұра аталып отырған адамдар өздерінің жансақ пыйғылдарын іске асыру мақсатында мені елеулі мәні бар жаңылысу салдарына әкеп соқтырды. Мен өз тарапымнан ешқандай заң бұзушылыққа жол берген жоқпын. Тараптар арасында 2009 жылдың көкек айнының 15- жұлдызында жасалған мүлікті сенімгерлікпен басқару келісім шарты негізінде менің тарапымнан Нүкешовамен Әсем Қозыханқызына ақшалай 500 000 мың теңге ақшалай төлем ақы жер телімдерінің қалған 44 /қырық төрт/ жыл мерзіміне алдын ала пайдалану мақсатында төледім. Осы мәміле туралы Тарбағатай ауданының нотариусы Ардақ Ибрагимава ақшалай құн алған Нүкешова Нүрбатиядан нотариалдық өтініш алынды. Аталған Бітімбай қыстағында мал қора салынып, үй күрделі жөндеуден өтті.Құрылыс жұмыстарына кеткен шығын 1 581 271 /бір миллион бес жүз сексен бір мың екі жүз жетпіс бір/ теңгені құрады.2009 жылдан бастап қазіргі уақыт аралығында шаруа қожалығына тиесілі жер теліміне Салық комитеті арқылы жыл сайын жер салығы және басқалай міндетті төлемдерін төлеп отырмын.Қазіргі уақытта Салық басқармасына, аудандық Жер қатынастар бөліміне берешегім жоқ. Аталып отырған адамдар Нүкешова Нүрбатия , Асем Қозыханқызы және күйеу баласы Габдуллин Ерғанат өздерінің арам алаяақтық пыйғылдарын іске асыру мақсатында/Бітімбай қыстағындағы орналасқан тұрғын үй мен мал қорадан заңсыз иеленген жауапкерді шығару тауралы/ /Мүлікті басқаруға беру туралы сенім келісім шартын бұзу туралы/ және /Мазмұны заң талабына сай келмейтін мәмлені жарамсыз,- деп тану туралы / әр түрлі қылып мазмұндарын өзгертіп 2013 жылдан бастап дайын тұрған шаруа қожалығындағы жерді қайтарып алу мақсатында соттан сотқа беруде. Аталған іс бойынша Тарбағатай аудандық сотында, Тарбағатай аудандық №2 сотында, қаралып және Шығыс Қазақстан Облыстық аппеляциялық сот алқасында, касациялық сот алқасында сонымен қатар Қазақстан Республикасының жоғарғы сотында екі рет қаралып тиісті бағасы берілген. Осы жағдайдың бәрін айта келе сіздерден /арыз /және өтініш ретінде сұрайтыным; 1 Осы жазылған жағдайларды толығымен тексеріп, Аудандық жер қатынастар бөлімінің, сотқа беріп отырған талап арызы, мемлекеттің емес , жеке тұлғаның сыйбайластық арқылы мүддесін қорғап, заңсыздыққа жол беріп отырғаны, жұмысы жүріп тұрған шаруақожалығының жұмысына бөгет жасғаны мен қоймай осы шаруақожашылықты жауып тастауға итермелеп отыр. 2 Аталған құзырлы мекемелердің басшыларына шара қолдануларыңызды және аталып отырған жер телімдерін мемлекетке қайтарып алуларыңызды сұраймын. 3 Аудан әкіміне және Жер қатынастар бөлімінің басшысына осы аталып отырған жерді өз атыма шығарып беруге өтініш бергем. Осы өтінішімнің орындалуына өз тараптарыңыздан ықпал етулеріңізді сұраймын. 4 Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылына қарасты Бітімбай қыстағындағы 527 га жайылым жерді және 33 га шабындық жерді қолдануға берулеріңізді сұраймын, себебі мен 2009 жылдан бастап осы жерге баз салып, шаруақолығымды жүргізіп, жеті жыл бойы мемлекетке жер салығын уақытында төлеп жүрмін. Сондықтан осы жерді мен ұзақ уақыт ауылшаруашылығы мақсатында қолдануыма байланысты және «кім мемлекеттің жерін мақсатына қарай пайдаланып отыр сол адам жерге ие болу керек деген үкіметтін қаулысын ескере отырып» қалған жалға беретін уақытын менің атыма аударып немесе сатып алуыма кемектесулеріңізді сұраймын.Приложения:19.07.2016 002.jpg