Toggle Dropdown
10
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 15.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
Toggle Dropdown
2) Агенттіктің құрылымы;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
1
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 5 қазандағы
№ 427 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
13
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Агенттіктің ведомствосы бар: Ұлттық статистика бюросы және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық бөлімшелері.
Toggle Dropdown
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
1
7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының
Toggle Dropdown
бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/6.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Агенттіктің мақсаттары мен өкілеттіктері
Toggle Dropdown
13. Мақсаттары:
Toggle Dropdown
1) стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысу;
Toggle Dropdown
3) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформаларды әзірлеу;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру;
Toggle Dropdown
5) жүйелі (құрылымдық және институционалдық) реформалардың, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде іске асырылу барысын мониторингтеу және бағалау;
Toggle Dropdown
6) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
8) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру;
Toggle Dropdown
9) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.
Toggle Dropdown
1
14. Өкілеттіктері:
Toggle Dropdown
1
1) құқықтары:
Toggle Dropdown
стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Ұлттық Банкінен, орталық мемлекеттік органдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан сұрату және алу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу;
Toggle Dropdown
халықаралық шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келісімдерге қол қою;
Toggle Dropdown
шетелдік сарапшылар мен консультанттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;
Toggle Dropdown
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;
Toggle Dropdown
респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, бастапқы, әкімшілік және дербес деректерді қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына қолжетімділік алу;
Toggle Dropdown
Агенттіктің, оның ведомствосының, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;