Bestprofi Logo

Бұйрық № 230 от 2021-03-18г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

«Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

«Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 наурызда № 22362 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясаты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 230 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген

1. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне 2008 жылғы 4 желтоқсандағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп қағидалары).

2. Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.

2-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы

3. Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады.

4. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.

5. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді.

6. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырмалылық және уақтылық болып табылады.

Түсініктілік-қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті.

Орындылық-Ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды және оларға оқиғаларды бағалауға, олардың өткен бағаларын растауға немесе түзетуге көмектеседі.

Сенімділік-пайдаланушылар ақпаратқа шыншыл ретінде сене алатын елеулі қателер мен бұрмаланулардың болмауы.

Салыстырмалылық-әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі ақпаратты салыстыру мүмкіндігі. Осындай операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдістеме бойынша есептеледі.

3-тарау. Қаржылық есептілік элементтері мен оларды тану

7. Активтер, міндеттемелер және таза активтер/капитал қаржы жағдайын бағалауға байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.

Активтерге өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеменің бақылауындағы ресурстар жатқызылады, олардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеует күтіледі.

Мемлекеттік мекеменің реттелуі экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын елеулі міндеті міндеттеме болып табылады.

Барлық міндеттемелерді алып тастағаннан кейін қалатын активтердегі үлес таза активтер/капитал болып табылады.

8. Кірістер мен шығыстар қаржы қызметінің қорытындылары туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемдеріне тікелей байланысты элементтері болып табылады.

Активтердің қосылуы немесе өсімі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайданың немесе сервистік әлеуеттің өсуі немесе капиталға қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты өсуден өзгеше таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соғатын міндеттемелердің азаюы кірістер болып табылады.

Активтердің азаюы немесе кетуі түрінде есепті кезең ішінде экономикалық пайданың немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталға қатысатын тұлғалардың арасында бөлінуге байланысты азаюдан өзгеше таза активтердің/капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы шығыстар болып табылады.

9. Қаржы есептілігі элементтерінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:

1) бапқа байланысты кез келген болашақтағы экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті мемлекеттік мекеме алады деген ықтималдық болса;

2) сатып алуға арналған нақты шығындар немесе объектінің құны сенімді түрде өлшене алатын болса актив ретінде танылады.

Қаржылық есептілік элементінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:

1) субъектінің өткен оқиғаның нәтижесінде қазіргі міндеттемелері бар болса;

2) міндеттемені өтеу үшін өзінде экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстарды шығару талап етіледі деген ықтималдық бар болса;

3) міндеттемені сенімді айқындау мүмкін болса, міндеттеме ретінде танылады.

10. Актив келесі кез келген критерийлерге сәйкес келген жағдайда айналымды ретінде жіктеледі:

1) оның өткізілуі немесе сатылуы немесе қалыпты операциялық топтама барысында тұтыну үшін болжанады;

2) ол негізінен сауда мақсатына арналған;

3) есепті күннен кейінгі 12 ай ішінде оны сату болжанады;

4) есепті күннен кейінгі ең болмағанда 12 айға оны айырбастауға немесе міндеттеме бойынша есептеу үшін қолдануға тыйым салынбаса, бұл ақшалай қаражаттар немесе ақша баламалары.

Өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.

11. Міндеттеме мына критерийлердің кез келгенін қанағаттандырғанда, қысқа мерзімді ретінде:

1) оны өтеу қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу болжанған болса;

2) негізінен сауда мақсатына арналған болса;

3) есеп мерзімінен кейін 12 ай ішінде өтелуі;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание