Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шілдеде № 23514 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 454-НҚ от 2021-07-13г./Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 29.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-2), 7-3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Түпнұсқа» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланк нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың бланк нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық, 2021 жылғы 1 қыркүйекте қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 55, 66, 68 және 76-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Тауардың шығарылған елін айқындау, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесі, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7-2), 7-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалар:
1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйымға;
3) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сараптама ұйымдарына;
4) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға;
5) тауардың шығу тегі туралы сертификатты алуға мүдделі жеке немесе заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қолданылады.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 03.08.2022 жылғы № 316-НҚ Бұйрығына сәйкес (13.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат – «Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат қолдану туралы» Еуразиялық үкіметаралық кеңестің № 2 шешімінің талаптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағына шығарылатын сертификаттың қолданылу мерзімі ішінде үздіксіз өндіріс процесі аясында Қазақстан Республикасының бір өндірушісі (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) шығарған тауардың шығу тегін және ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 10 таңбалы коды бар тауардың шығу тегі туралы сертификат;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) – кедендік-тарифтік реттеу шараларын, кедендік әкету баждарын, тыйым салулар мен шектеулерді, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, кедендік статистиканы жүргізу мақсатында тауарларды сыныптау үшін пайдаланылатын тауарларды сипаттау және кодтау жүйесі;
3) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттары – тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемдерінің бірі, оған сәйкес, егер тауарды өндіруге екі немесе одан да көп ел қатысатын болса, ол тауарға өзіне тән қасиеттерді беру үшін жеткілікті соңғы елеулі өңдеуге/қайта өңдеуге ұшыраған елден шығарылған болып саналады;
4) тауардың шығу тегі туралы сертификат - тауарды шығарған ел, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесі туралы куәландыратын құжат;
5) тауар шығарылған ел – тауар толық шығарылған немесе жеткілікті дәрежеде өңделген/қайта өңделген ел;
6) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
7) тауарлардың шыққан елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының немесе шетелдік тауарлардың мәртебесін анықтайтын сарапшы-аудиторлар (бұдан әрі – сарапшы аудитор) – Заңның 7-бабының 15-4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сертификатталған жеке тұлғалар;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 03.08.2022 жылғы № 316-НҚ Бұйрығына сәйкес (13.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) «франко-зауыт» жағдайындағы баға – өңдірілген тауар экспорты кезінде төленген немесе төленуі мүмкін кез келген ішкі салықтарды қоспағанда, «франко-зауыт» жағдайында соңғы қайта өңдеу жүргізілген кәсіпорында өндірушіге төленуге тиіс тауардың бағасы;
9) адвалорлық үлес - пайдаланылатын материалдар құнының пайыздық үлесі немесе жеткізілетін тауардың «франко-зауыт» бағасында тіркелген пайыздық үлеске жететін қосылған құн;
10) экспорт - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету.
2-тарау. Тауарлардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі тәртібі
1-параграф. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауарлардың шығарылуын айқындау тәртібі
4. Қазақстан Республикасынан экспортталатын, кері экспортталатын тауардың шығарылған елін айқындау үшін тауардың:
1) толығымен Қазақстанда шығарылғаны;
2) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін ескере отырып Қазақстанда шығарылғаны;
3) шетелде шығарылғаны белгіленеді.
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, оның аумағынан немесе оның аумақтық теңіздерінде (елдің басқа суларында) немесе оның түбінен, немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы атмосфералық ауадан өндірілген табиғи қорлар (пайдалы қазбалар және минералды өнімдер, су, жер қорлары, атмосфералық ауа қорлары);
2) Қазақстан Республикасында өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім;
3) Қазақстан Республикасында төлдеген және (немесе) өсірілген тірі жануарлар;
4) Қазақстан Республикасында өсірілген жануарлардан алынған өнім;
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен