• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 718 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31151 болып тіркелді

Редакция 10.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі –Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 11-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Ғылым және жоғары білім министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Цифрлық даму, инновациялар және
 аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрінің
2022 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 718
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10160 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бұл тетікте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
2) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
3) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетті органға осы тетікке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
5. Уәкілетті орган ЖАО қызметін бағалау үшін ұсынылған есептерге мынадай өлшемшарттар бойынша талдау жүргізеді:
1) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік мекемелердің энергия аудитін жүргізуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік мекемелерді терможаңғыртуды жүргізуді ұйымдастыру;
5) мемлекеттік мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату;
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алу және орнату;
7) энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, саябақ пен көше жарығын жаңғыртуды қамтамасыз ету;
8) халық арасында пайдаланылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыру.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ЖАО қызметін бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштері:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасы іс – шараларының пайыздық орындалуы (0-20% - 1 балл, 21-40% - 2 балл, 41-60% - 3 балл, 61-80% - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
2) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерінің сақталуына мониторингті пайыздық қамту (0-20% - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
3) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелердің жыл сайынғы өткізілген энергия аудиттерінің саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
4) мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде мемлекеттік мекемелерді жыл сайынғы терможаңғырту саны (0-10 % - 1 балл, 11-20 % - 2 балл, 21-35 % - 3 балл, 36-50 % - 4 балл, 51-100 % - 5 балл);
5) мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарының саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
6) мемлекеттік мекемелер үшін жылу тұтынуды реттеудің белгіленген автоматты жүйелерінің саны мемлекеттік мекемелердің жалпы санынан пайыздық мәнде (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
7) саябақ пен көше жарықтандырудың жалпы санынан энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды ескере отырып, жаңғыртылған саябақ және көше жарықтандыруының үлесі (0-20 % - 1 балл, 21-40 % - 2 балл, 41-60 % - 3 балл, 61-80 % - 4 балл, 81-100 % - 5 балл);
8) есепті кезеңде жоспарланған көлемнен халық арасында пайдаланылған құрамында сынап бар энергия үнемдейтін кәдеге жаратылған шамдардың үлесі (0-50 % - 1 балл, 51-65 % - 2 балл, 66-85 % - 3 балл, 86-95 % - 4 балл, 96-100 % - 5 балл).»;
1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 388 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11365 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу орталықтары қызметінің қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Энергетикалық аудит, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент бағыттары бойынша кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды оқу орталықтары жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
2) кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы куәлік – оқу орталығы беретін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткенін куәландыратын ресми құжат;