«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
Отправить по почте
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 35143 болып тіркелді
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.
3. «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы заң) сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 4-тармағына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлемақы алынбай, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері
4. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
1) әлеуетті өнім берушілер тізілімі;
2) тапсырыс берушілер тізілімі;
3) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізілімі;
4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
5) шағымдар тізілімі;
6) әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің тізілімі.
3-тарау. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
5. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімі әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдеріндегі атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер;
3) веб-порталда тіркелген күні;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
5) аумақтық тиесілігі туралы мәліметтер (әкімшілік-аумақтық бірлестіктердің жіктеуіші бойынша коды (ӘАБЖ), өңір, заңды мекенжайы және нақты мекенжайы);
6) шаруашылықтың ұйымдық-құқықтық нысанының коды (ҰҚНК);
7) меншік нысандарының жіктеуіші бойынша код (МНК);
8) кәсіпкерлік субъектісінің санаты;
9) экономика секторының коды;
10) экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішіне сәйкес негізгі қызмет түрінің атауы;
11) әлеуетті өнім берушінің басшысы туралы мәліметтер:
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
басшының лауазымы;
деректер көзі;
электрондық пошта;
телефон (жұмыс, ұялы).
6. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру веб-порталдағы әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректері мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер негізінде веб-портал арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Бұл ретте әлеуетті өнім беруші веб-порталда әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Әлеуетті өнім беруші қайта ұйымдастырылған (таратылған) не тіркеу деректері әділет органдарында өзгерген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мұндай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде веб-порталдағы тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.
7. Әлеуетті өнім берушілердің тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.
8. Әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы қағидалары) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.
4-тарау. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі
9. Тапсырыс берушілердің тізілімі тапсырыс беруші туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тапсырыс берушінің қазақ және орыс тілдеріндегі атауы;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |