ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 1168 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық:
1) 2025 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 3-тармағын және 4-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарын;
2) 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 1168 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
«
|
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі |
120 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері |
120 |
».
2. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда:
«А» корпусы» деген бөлімде 2-санат мынадай редакцияда жазылсын:
«2-санат
Орталық атқарушы органдар комитеттерінің, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ведомствосының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары»;
«Б» корпусы» деген бөлімде:
В санаттарының тобында В-1 санаты мынадай редакцияда жазылсын:
«В-1 санаты
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасарлары
Құрылымдық бөлімшенің басшысы
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі комитеті төрағасының орынбасарлары».
3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 70-1-жолмен толықтырылсын:
қызмет бабында пайдалану үшін.
4. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а.»;
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уран бойынша жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:
«49-1) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уран бойынша жер қойнауының стратегиялық учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Агенттік ведомствосының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің құрылымында:
«Қауіпсіздік және мемлекеттік құпиялар департаменті» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қауіпсіздік департаменті»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы».

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |