Bestprofi Logo

Заң № 318-VIII от 2026-06-19г./Қазақстан Республикасының Парламенті

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ вводится в действие с 20.08.2026 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 318-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне:

«бір жүз жиырма айлық» деген сөздер «бір жүз елу айлық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз жиырма сағатқа» деген сөздер «бір жүз елу сағатқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

«отыз» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацындағы «бір жылға» деген сөздер «екі жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;

«бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;

«төрт жүз» деген сөздер «сегіз жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жылға» деген сөздер «үш жылға» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

1) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

1) 62-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:

«5-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімінің өтуі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, жоспарлы тексерудің, ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингтеудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген кезден бастап тоқтатыла тұрады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаны қолдану мерзімін есептеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 51-3-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген кезден бастап қайта басталады.»;

2) 156-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«3. Телевизиялық жазбаларды және концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған өзге де орындарды қоспағанда, концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастырушылардың, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың дауыс (вокалды) фонограммаларын пайдалануы –

жеке тұлғаларға – бір жүз, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

жеке тұлғаларға – бір жүз елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қалдықтарды жинақтау немесе көму лимиттерін бұзу, сол сияқты қалдықтарды экологиялық рұқсатсыз жинақтау және көму немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды жинақтау және көму –

белгіленген лимиттен тыс не экологиялық рұқсатсыз жинақталған және (немесе) көмілген қалдықтардың мөлшеріне қатысты қалдықтарды көмгені үшін төлемақы мөлшерлемесінің он мың пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

3) тармақшасының жетінші абзацы осы Заңның 2-бабының 4) тармақшасына сәйкес 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

«мақсаттары үшін» деген сөздерден кейін «ең озық қолжетімді техниканы қолдана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 639-бабының 2 және 3-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 2-тармағында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 639-бабының 2 және 3-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 3-тармағында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 639-бабының 5-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) мынадай мазмұндағы 328-1-баппен толықтырылсын:

«328-1-бап. Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін орнату және пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу

Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін орнату және пайдалану жөніндегі талаптарды:

1) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатпаудан;

2) эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерінің ластаушы заттардың эмиссиялары туралы деректерді «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесіне бермеуінен көрінген бұзу –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

тақырыптағы «мемлекеттiк экологиялық сараптаманы» деген сөздер «белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингті, мемлекеттік экологиялық сараптаманы және (немесе) қоршаған ортаға әсеріне бағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау немесе мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру» деген сөздер «мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтпеген белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скринингті, мемлекеттік экологиялық сараптаманы және (немесе) қоршаған ортаға әсеріне бағалауды міндетті түрде жүргізу туралы талаптарын орындамау» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында қамтылған талаптарды» деген сөздер «Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобаның талаптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «, сол сияқты қалдықтарды экологиялық рұқсатсыз немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда мәлімделмеген қалдықтарды көму» деген сөздер алып тасталсын;

орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

2-1-тармақтың бірінші абзацындағы «(қалдықтарды арнаулы белгіленген орындардан тыс жерге шығарып тастау)» деген сөздер «(қалдықтарды, оның ішінде сұйық қалдықтарды арнаулы белгіленген орындардан тыс жерге шығарып тастау, сондай-ақ сарқынды суды ағызу)» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 382-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «жеке тұлғаларға – бес» деген сөздер «жеке тұлғаларға – он» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бес» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«он» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жиырма» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қырық» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақша «үй жануарларын» деген сөздерден кейін «адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтірмейтіндей» деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақшадағы «тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзу –» деген сөздер «тасымалдауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) үй жануарларын вакцинациялауға және стерилизациялауға қойылатын талаптарды бұзу –»;

«он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жиырма» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын,

«отыз» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;

«жиырма» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«отыз» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;

«қырық» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

«3. Жануарлар және (немесе) олардың төлі жануарларға арналған панажайларға орналастырылғанға дейін оларды ұстау жөніндегі міндеттерді орындаудан бас тарту –

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

9) тармақшасының он тоғызыншы-жиырма екінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

5. Иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын, сондай-ақ ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарларды ұстау жөніндегі талаптарды бұзу –

жеке тұлғаларға – отыз бес, лауазымды адамдарға – елу бес, заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз он, заңды тұлғаларға екі жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

7. Адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге алып келген, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;

10) 687-баптың бірінші бөлігі «Кодекстің» деген сөзден кейін «139 (бірінші бөлігінде) (көмірсутектерді заңсыз пайдалану бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

11) 687-1-баптың бірінші бөлігі «Кодекстің» деген сөзден кейін «139 (бірінші бөлігінде) (пайдалы қатты қазбаларды заңсыз пайдалану бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

12) 688-1-баптың бірінші бөлігі «Кодекстің» деген сөзден кейін «139 (бірінші бөлігінде) (уранды заңсыз пайдалану бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

«139 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;

«329,» деген цифрлар «328-1, 329,» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«көрсеткiштiң елуге» деген сөздер «көрсеткiштiң екі жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз елуге» деген сөздер «жеті жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;

«көрсеткiштiң елуге» деген сөздер «көрсеткiштiң екі жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;

«бір жүз елуге» деген сөздер «жеті жүзге» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 729-баптың бірінші бөлігі «138 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «139 (бірінші бөлігінде) (кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз пайдалану бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;

«Тірі адамның» деген сөздер «Көлік құралдарын, тірі адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;

«адамдар» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау мәселелерімен айналысатын аңшылық және балық шаруашылықтарының қорықшылары, директорлары» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацының 2) тармақшасындағы «табиғи» деген сөз «қоршаған ортаны қорғау, табиғи» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 21 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

16) тармақшасының төртінші абзацы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күнге тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес редакцияда қолданылады

«7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілген, ерекше бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеру мен тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, жоспарлы тексерудің және ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторингтеудің нәтижелері бойынша анықталып, жойылмаған бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады.»;

10) тармақшадағы «139 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;

11) тармақшадағы «416» деген цифрлар «139 (екінші бөлігі) (көмірсутектерді заңсыз пайдалану бөлігінде), 416» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) тармақшадағы «169-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде)» деген сөздер «139 (екінші бөлігі) (кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз пайдалану бөлігінде), 169 (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде)-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;

42-1) тармақшадағы «462 (үшінші бөлігі)-бап» деген сөздер «139 (екінші бөлігі) (пайдалы қатты қазбаларды заңсыз пайдалану бөлігінде), 462 (үшінші бөлігі)-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;

42-2) тармақшадағы «462 (үшінші бөлігі)-бап» деген сөздер «139 (екінші бөлігі) (уранды заңсыз пайдалану бөлігінде), 462 (үшінші бөлігі)-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) тармақша осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

18) 806-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы Кодекстің 62-бабының 5-1-бөлігінде көзделген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылық жойылмаса, әкімшілік жазаны қолдану мерзімдерін есептеу қайта басталғаннан кейін дереу толтырылады.».

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 16) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;

2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) және 18) тармақшаларын;

3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 9) тармақшасының он тоғызыншы – жиырма екінші абзацтарын;

4) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 16) тармақшасының төртінші абзацының қолданысы осы Заң алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күнге тоқтатыла тұрсын, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«7. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілген, ерекше бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеру мен тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болады.».

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание