Bestprofi Logo

Жарлық № 1337 от 2026-07-01г./Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 1337 Жарлығы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1337 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. «Әскери ант беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 870 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әскери ант қабылдау тәртібі туралы ережеде:

5-тармақтағы «туы», «елтаңбасы», «гимнiн», «гимнi», «туын» деген сөздер тиісінше «Туы», «Елтаңбасы», «Әнұранын», «Әнұраны», «Туын» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтағы «тәуелсіздігі» деген сөз «Тәуелсіздігі» деген сөзбен ауыстырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның айырым белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2736 Жарлығында:

тақырыптағы және 1-тармақтағы «айырым», «Республика», «омырау белгісі» деген сөздер тиісінше «ерекшелік», «Қазақстан Республикасы», «төсбелгісі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2) тармақшадағы «Республика астанасындағы», «Республика Президентi» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының астанасындағы», «Қазақстан Республикасының Президентi» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) тармақшадағы «ту», «Республика Президентінің» деген сөздер тиісінше «Ту», «Қазақстан Республикасы Президентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Республика Президентiнiң», «омырау белгісі», «Республика Президентi» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Президентiнiң», «төсбелгісі», «Қазақстан Республикасының Президентi» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Парламент» деген сөз «Құрылтай» деген сөзбен ауыстырылсын.

3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер Ұлттық қауіпсіздік комитетіне заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.»;

3) тармақшадағы «Парламентін» деген сөз «Құрылтайын» деген сөзбен ауыстырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған террористік және өзге де әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесу;»;

он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен өзге де шетелдік ұйымдарға, қылмыстық топтарға енуді жүзеге асыру;»;

он алтыншы абзацтағы «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «Парламентіне» деген сөз «Құрылтайына» деген сөзбен ауыстырылсын;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«терроризмді және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған өзге де әрекетті анықтау, оның алдын алу және жолын кесу;»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әскерилендірілген құралымдар, басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтары, діни негіздегі саяси партиялар қызметінің, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруының алдын алуда және жолын кесуде мемлекеттік органдарға көмек көрсету;»;

он бірінші, он жетінші және жиырма алтыншы абзацтардағы «шетелдіктер», «шетелдіктерге» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтары», «шетел азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) тармақшадағы «Парламентін» деген сөз «Құрылтайын» деген сөзбен ауыстырылсын;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) терроризм мен экстремизмге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған өзге де әрекетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, терроризмге қарсы операцияларды ұйымдастыру;»;

32) тармақшадағы «шетелдіктерге» деген сөз «шетел азаматтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

51) тармақшадағы «азаматтарды» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«53) шектес мемлекеттердің аумақтарынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін, Егемендігі мен Тәуелсіздігін күштеп өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын бұзуға және ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ «Төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де әрекеттерді жүзеге асыру;

163-1) тармақшадағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание