• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 639

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексі

Құжат мәтініндегі «ауылдың (селоның)», «ауылдық (селолық)», «ауылдарда (селоларда)» сөздері «ауылдың», «ауылдық», «ауылдарда» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (02.07.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құжат мәтініндегі «ставкасы», «ставкаларының», «ставкаларын», «ставкасынан», «ставкасымен» сөздері «мөлшерлемесі», «мөлшерлемелерінің», «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемесінен», «мөлшерлемесімен» сөздерімен; «проценттік», «проценті», «процент», «процентінен», «проценттен», «процентпен», «проценттер», «процентіне», «процентті» сөздері «пайыздық», «пайызы», «пайыз», «пайызынан», «пайыздан», «пайызбен», «пайыздар», «пайызына», «пайызды» сөздерімен; «аффилиирленген» сөзі «үлестес» сөзімен ауыстырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша
  • 1
Редакция 04.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  • 1
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
  • 1
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 5
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 20.12.2021 жылғы № 83-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз (өзгерту 31.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сот жүйесін қаржыландыру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттеледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.
2-1. Осы Кодекстің ережелері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттелмеген бөлігінде сот жүйесін қаржыландыруға қолданылады.
2-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 20.12.2021 жылғы № 83-VII Заңына сәйкес (өзгерту 31.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.
4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2-1-бап. Блоктық бюджет
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Блоктық бюджет – әкімшіге шығыстар лимиттеріне сәйкес белгіленген блок шегінде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын дербес бекітуге, қайта бөлуге және толық пайдалануға өкілеттік берілетін бюджет процесін басқару тәсілі.
  • 1
2. Блоктық бюджетті енгізу және оның жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Осы баптың ережелері пилоттық жоба шеңберінде 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
  • 2
3-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аваль - вексельдік кепілдік, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;
2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар;
3) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;
4) байланысты грант туралы келісім - Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 12.11.2015 жылғы № 393-V Заңымен (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) банк кепiлдiгi – қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарыз шарты бойынша соманы төлемеген жағдайда, банктiң бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша берешектi өтеу жөнiндегі мiндеттемесi;
6-тармақша өзгертілді  ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңымен (03.07.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет;
7-1) болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік – бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын, макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырылған, есепке жазу әдісі бойынша таза активтердің, мiндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың қаржылық жағдайы, қозғалысы және нәтижелері туралы ақпарат;
3-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) борышқа қызмет көрсету - белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;
9) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау жөніндегі қызметі;
10) борышты өтеу - қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы;
11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша алынып тасталды ҚР 12.11.2015 жылғы № 393-V Заңымен (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңымен (03.07.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
12-1) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы
1-тармақ 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 131-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-2) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
1-тармақ 12-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-3) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
1-тармақ 12-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-4) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану;
1-тармақ 12-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 393-V Заңына сәйкес (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-5) бюджет қаражатының игерілмеуі – бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің бөлінбеген қалдығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерін қайтару сомасын қоспағанда, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан асып кету сомасы;
1-тармақ 12-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 395-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-5-тармақша өзгертілді ҚР 25.12.2020 жылғы № 391-VI Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-5-тармақша өзгертілді ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-6) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;
3-бап 12-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.11.2017 жылғы № 112 Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.12.2017 жылы № 235 (28614) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12-6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
12-7) бюджет процесі саласындағы интегратор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бюджет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де функциялар жүктелетін, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
3-бап 12-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14-тармақша өзгертілді ҚР 02.02.2010 жылғы № 263-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
14-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2012 жылғы № 61-V Заңымен ( 04.12.2008 ж. редакцияны қараңыз)
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2018 жылғы № 132-VІ Заңына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
14-1) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-1-тармақша алынып тасталды ҚР 13.06.2013 жылғы № 102-V Заңы бойынша (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
  • 1
14-2) бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз атқару – бюджеттік жүйенің мынадай: нәтижелілік, негізділік, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипаты қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуы;
1-тармақ 14-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 395-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақша алынып тасталды ҚР 04.07.2013  жылғы № 131-V Заңымен (03.07.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды