Toggle Dropdown
36787
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi
Toggle Dropdown
3
Редакция 17.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Жалпы бөлім
Toggle Dropdown
1-бөлім. Негізгі ережелер
Toggle Dropdown
1-тарау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңдары
Toggle Dropdown
143
1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңдар
Toggle Dropdown
1
1. Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс.
Toggle Dropdown
1
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
Toggle Dropdown
51
2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану
Toggle Dropdown
1
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
Toggle Dropdown
2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
Toggle Dropdown
126
3-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте қолданылуы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
Toggle Dropdown
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Toggle Dropdown
50
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.
Toggle Dropdown
67
5-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында қолданылуы
Toggle Dropdown
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
243
2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.
Toggle Dropdown
243
3. Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
5
6-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы
Toggle Dropdown
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 53-тарауына сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
49
7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдардың түсiнiктемесi
Toggle Dropdown
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:
Toggle Dropdown
1) "сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;
Toggle Dropdown
2) "бiрiншi сатыдағы сот" - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;
Toggle Dropdown
3) "апелляциялық саты" – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәні бойынша қарайтын сот;
Toggle Dropdown
4) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4-1) "кассациялық саты" – бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын сот;
Toggle Dropdown
5) "қадағалау сатысы" - заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтініштер, наразылықтар бойынша істі қадағалау тәртібімен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы;
Toggle Dropdown
6) "судья" - сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);
Toggle Dropdown
7) "төрағалық етушi" - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;
Toggle Dropdown
7-1) алқаби - соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
Toggle Dropdown
8) "басты сот талқылауы" - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;
Toggle Dropdown
9) "процеске қатысушылар" - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
Toggle Dropdown
10) "қылмыстық процестi жүргiзушi орган" - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
Toggle Dropdown
11) "тараптар" - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;
Toggle Dropdown
12) "айыптау тарабы" - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
Toggle Dropdown
1
13) "қылмыстық iзге түсу (айыптау)" - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;
Toggle Dropdown
1
14) "қылмыстық iзге түсу органдары" - прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
Toggle Dropdown
14-1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу - анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің осы Кодексте белгіленген өкілеттіктері шегінде сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны;
Toggle Dropdown
15) "анықтау" - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;
Toggle Dropdown
16) "алдын ала тергеу" ("алдын ала iздестiру") - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;
Toggle Dropdown
17) "тергеуде болу" - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;
Toggle Dropdown
18) "қорғану тарабы" - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;
Toggle Dropdown
19) "қорғау" - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;
Toggle Dropdown
20) "мәлiмдеушi" - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам;