• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже; 
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 02.03.2007 № 164 қаулысымен (26.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 28.10.2007 № 995 қаулысымен (15.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi; 
7) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 28.10.2007 № 995 қаулысымен (15.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi; 
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 
10) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды - 28.10.2007 № 995 қаулысымен (15.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi; 
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 
13) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(15.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(алынып тасталды - 28.10.2007 № 995 қаулысымен). 1-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды - 28.10.2007 № 995 Қаулысымен (15.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 6 сәуірдегі
 N 310 қаулысымен
 бекітілген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995 (15.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен
 Барлық мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.03.2009. № 426 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өсімін молайтуды қорғау және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (ірісінен басқа), агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар істері комитеті, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді.
7. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.
8. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
12. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
1) мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; 
2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 
3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; 
4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 
5) өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 
6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
13. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық және өңірлік саясатын қалыптастырады және үйлестіреді, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлейді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады; 
2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады; 
3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және бекітеді;