Bestprofi Logo

Қаулы № 900 от 2011-08-02г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) құрылсын.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен оның мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелері таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері құрылған Комитетке берілсін.

3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін.

4. Комитет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің таратылатын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқор болып белгіленсін.

5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі:

1) заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін таратуды, оның мүлкiн, сондай-ақ штат санын мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірге берудi жүзеге асырсын;

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

1. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

2. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

3. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

4. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

6. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

8. Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

9. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

10. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

11. Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

12. Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

15. Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

16. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Күзет және қадағалау бөлімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

1. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

2. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

3. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

4. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

6. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

8. Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

9. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

10. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

11. Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

12. Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

15. Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание