Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 Қаулысы
Редакция 08.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып қайта аталсын.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдар Комитеттің қарамағына берілсін.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 тамыздағы
№ 900 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 тамыздағы
№ 900 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 2 тамыздағы
№ 900 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағына берілетін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар
1. Түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
3. Түзеу мекемелерінің «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы