• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 30.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы » 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы » 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерімен бірге Сот актілерін орындау комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері таратылсын.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің қарауындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетінің қарауына берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі Батыс ішкі істер департаменті», «Көліктегі Орталық ішкі істер департаменті» және «Көліктегі Оңтүстік - Шығыс ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемелері оларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
6. Осы қаулының 5-тармағында аталған мекемелерді қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп айқындалсын.
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) ішкі істер аумақтық органдарының есірткі бизнесіне қарсы күресті жүзеге асыратын бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне бағыныстылығының тік жүйесін енгізуді қамтамасыз етсін;
2) Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерімен және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерімен бірлесіп, мыналардың қызметіне байланысты функциялар мен өкілеттіктерді:
медициналық айықтырғыштарды - денсаулық сақтау жүйесіне;
кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететіндерді:
қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткенге дейін қоғамға қауіпті әрекет жасағандарды;
өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде бұдан әрі тұру мүмкіндігі болмаған жағдайларда қылмыс жасағандығы айыпталғандарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын - білім беру жүйесіне берсін.
3) Астана қаласының және Алматы облысының Ішкі істер департаментінде тергеу және криминалдық полиция қызметтерін пилоттық жоба ретінде біріктірсін;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаларды орындау үшін қажетті арнайы қабылдау орындарын кезең-кезеңімен беруді қамтамасыз етсін;
5) екі ай мерзімде мемлекеттік қорғауға жататын Қазақстан Республикасының айрықша маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінің жобасын енгізсін.
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық айықтырғыштардың және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының мүлкін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау және білім беру атқарушы органдарының теңгеріміне беруді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын денсаулық сақтау және білім беру атқарушы органдарының жанындағы медициналық айықтырғыштардың және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды және өкілеттіктерді іске асыру, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану және арнайы мекемелерде әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік жаза және бұл мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін тиісті ғимараттармен (үй-жайлармен) қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп қарап «Ақ-Желкен» емдеу-сауықтыру кешенін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарамағына беру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
10. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
11. Орталық мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 30 қыркүйектегі
 № 1009 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Ақмола облысының Сот актілерін орындау департаменті.
2. Ақтөбе облысының Сот актілерін орындау департаменті.
3. Алматы облысының Сот актілерін орындау департаменті.
4. Атырау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
5. Шығыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
6. Жамбыл облысының Сот актілерін орындау департаменті.
7. Батыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
8. Қарағанды облысының Сот актілерін орындау департаменті.
9. Қызылорда облысының Сот актілерін орындау департаменті.
10. Қостанай облысының Сот актілерін орындау департаменті.
11. Маңғыстау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
12. Павлодар облысының Сот актілерін орындау департаменті.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
15. Астана қаласының Сот актілерін орындау департаменті.