• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
Осы редакция 08.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 1487 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
3. Мекеменің қызметінің негізгі мәні топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізу жөніндегі топырақ-агрохимиялық зертханалардың қызметіне орталықтандырылған ғылыми-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, топырақ құнарлылығына мониторинг жүргізу болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 1, 7-құжат):
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің өңіраралық жер инспекцияларының тізбесі;
1-2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.";
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: 
"Мемлекеттік мекемелер" деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 87-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағанында: