Toggle Dropdown
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысы
Toggle Dropdown
Осы редакция 18.02.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Toggle Dropdown
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 964 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Қағида мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын нормативтік құқықтық актілерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.
Toggle Dropdown
4. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
5. Құқықтық мониторинг объектісі:
Toggle Dropdown
1) нормативтік құқықтық акті;
Toggle Dropdown
2) қоғамдық қатынастардың жеке аясын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған актілер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған құқықтық нормативтік актілерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі - бөлімшелер) жүргізеді.
Toggle Dropdown
7. Бірнеше мемлекеттік органдардың құзыретін бір заңнамалық актімен регламенттелген жағдайда мемлекеттік органдар жүргізетін құқықтық мониторинг жүргізу шеңберінде алынған нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берілген ақпаратты қорытады және оны Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган осы уәкілетті органның құзыретіне кірмейтін мәселелерді реттейтін сәйкес емес, қарама-қайшы немесе ескірген нормаларды анықтаған жағдайда қызметінің мәнін осы нормалар реттейтін уәкілетті органға тиісті ұсыныстар жібереді.
Toggle Dropdown
8. Уәкілетті органдарда нормативтік құқықтық актілердің құқықты мониторингі бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, олар болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі бойынша қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді.
Toggle Dropdown
2. Құқықтық мониторинг жүргізу
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүргізу мынадай сатыларды:
Toggle Dropdown
1) осы Қағиданың 4-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылатын құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды;
Toggle Dropdown
2) талдау анықтамасын жасауды қамтиды.
Toggle Dropdown
11. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органдар (Бас прокуратура, Жоғарғы Сот және басқа да мемлекеттік органдар) дайындаған заңнаманы қолдану тәжірибесіне шолулар;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қазақстан Республикасының Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы, Конституциялық Кеңес пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларындағы, мемлекеттің басқа да бағдарламалық құжаттарындағы ақпарат;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесі жүргізген құқықтық мониторинг қорытындылары бойынша нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижелері;
Toggle Dropdown
4) азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау мен қорыту және уәкілетті органға нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты келіп түскен прокурорлық қадағалау актілерін, сот шешімдерін қарау нәтижелері, сондай-ақ Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары;
Toggle Dropdown
5) қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар;
Toggle Dropdown
6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы және жалпыға ортақ қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурстарындағы, оның ішінде ғылыми жарияланымдардағы ақпарат;
Toggle Dropdown
7) құқық қолдану мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелері;
Toggle Dropdown
8) статистикалық деректер;
Toggle Dropdown
9) сол немесе соған ұқсас тақырыпта бұрын жүргізілген талдаулар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
12. Жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, уәкілетті органның бөлімшелері тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілердің реттеу мәнімен байланысты заңға тәуелді актілерді талдайды.
Toggle Dropdown
Заңға тәуелді актілердің жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде уәкілетті органның бөлімшелері тиісті бөлімшелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар не олардың күшін жою бойынша шаралар қабылдайды.
Toggle Dropdown
Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау бойынша уәкілетті органдардың бұл актілер қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде қабылдаған шаралары туралы ақпарат әділет органдарына ұсынылады.
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік орган басшысының (оның міндетін атқарушының) бұйрығымен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, тиісті құрылымдық бөлімшелердің өзінің уәкілетті органының бөлімшелерімен бірлесіп, Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген барлық нормативтік құқықтық актілерге (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) жүйелік негізде талдау жүргізуді көздейтін алдағы күнтізбелік жылға арналған Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесі (бұдан әрі - Кесте) бекітіледі.
Toggle Dropdown
Кесте Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) мониторингін жүргізудің іс-шаралары мен нақты мерзімдерін, сондай-ақ мерзімді түрде мониторинг жүргізілген нормативтік құқықтық актілерге қайта оралуды (әрбір жарты жыл сайын, осы жарты жылдықта қабылданған актілерді қоспағанда) көздейді.
Toggle Dropdown
14. Жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін (1 маусымға және 1 желтоқсанға дейін) бөлімшелер заң қызметтеріне немесе тиісті уәкілетті органының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Toggle Dropdown
15. Заң қызметтері немесе тиісті құрылымдық бөлімшелер алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және тиісті бөлімшелермен бірлесіп, олардың түскен сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдайды.
Toggle Dropdown
Мониторинг нәтижесінде әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының жобалары өткен жарты жылдықтан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірілмей, мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан бойынша Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін ұсынады.
Toggle Dropdown
Әділет органдарына өткен тоқсан бойынша Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін ұсыну және оларды зерделеу тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі анықтайды.
Toggle Dropdown
17. Құқықтық мониторинг жүргізгенде бөлімшелердің өзара іс-қимыл тәртібін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (бекітілген тәртіпте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал олар болмаған жағдайларда - уәкілетті органның басшысы анықтайды (белгіленген талап жергілікті өкілді органдарға (мәслихаттарға) қолданылмайды).
Toggle Dropdown
3. Талдау анықтамасы