Bestprofi Logo

Қаулы № 1111 от 2004-10-28г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;

3) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiне екi вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн.

2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (13.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)

1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Жоғары аттестаттау комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiне, оған министрлiктiң бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын бере отырып, қайта құру жолымен;

2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ереже және оның құрылымы;

2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

алынып тасталды (ді қараңыз)

3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

алынып тасталды 4-тармаққа өзгерту енгізілді ҚР Үкіметінің 29.05.2007. № 438 қаулысымен. (29.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуға;

5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.05.2007. № 438 қаулысымен. (29.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)

6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ереже

1. Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрлiктiң негізгі мiндеттерi білiм, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; бiлiм алу үшін қажеттi жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруды жетілдiру және олардың бәсекеге қабiлеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi;

Балалардың құқықтарын қорғау комитетi;

Ғылым комитетi.

1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36, 21.07.2006. № 700, 29.05.2007. № 438 қаулыларымен. (13.06.2006 жылғы редакцияны қараңыз)

2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес өкілеттілiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.

4. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мiндетті күшi болады.

5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Министрлiктің құрылымын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi (бұдан әрi - Министр) бекiтедi.

6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11.

6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2006. № 249 қаулысымен. (29.03.2006 жылғы редакцияны қараңыз)

7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.

8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Министрлiктің өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тиым салынады.

Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен кiрiстер мемлекеттiк бюджет кiрiсiне жiберiледi.

2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары

10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды:

бiлiм, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, мемлекеттік жастар саясаты, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған тұжырымдамалар, стратегиялар, мемлекеттiк және мақсатты бағдарламалар мен жоспарлар әзiрлеудi;

бiлiм беру сапасын басқару саласындағы саясатты қалыптастыруды;

білiм беру, ғылыми қызмет саласындағы инновациялық саясатты қалыптастыруды;

Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген құзырет шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ бiлiм беру қызметiнде бiлiм беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегi құжаттардың нысанын қабылдауды;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание