1. Қоса беріліп отырған:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжe;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтың органдары - мемлекеттiк мекемелерінің тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.08.2011 № 900 Қаулысымен. (27.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
4) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
4-1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
7) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300, 02 (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).08.2011 № 900, 13.01.2012 № 34 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 Қаулысымен (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысымен бекітiлген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.03.2008 № 300 (10.01.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, сондай-ақ атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті.
Ведомстволардың құзыреті мен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін Министр айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2010 № 252, 30.09.2010 № 1009, 02.08.2011 № 900, 13.01.2012 № 34 Қаулыларымен. (22.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар.
6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мекемелердің санын ескере отырып, бекітеді. Министрліктің, оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітеді.
8. Министрліктің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.01.2010 № 8 Қаулысымен. (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Министрліктің міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекетті тұрақты әрі біртіндеп дамытуды жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмыстарын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге, жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізуге қатысу арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
2) оның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету;
3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру;
4) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.08.2011 № 900 Қаулысымен. (27.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |