Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
Отправить по почте
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 628 Қаулысы
Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
2003 жылғы 12 маусымдағы және "Лицензиялау туралы "
2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы»"15," деген сандар алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 618 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24,
301-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»25»шілдедегі N 628 қаулысымен бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
2003 жылғы 12 маусымдағы және "Лицензиялау туралы "
2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауды (бұдан әрі - лицензиялау) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |