• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 30.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 628 Қаулысы       
12.2011 № 1613 (25.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен
 Бұл қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының  "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
2003 жылғы 12 маусымдағы және   "Лицензиялау туралы "
2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған: 
 тармақшаны алып тастау көзделді ҚР Үкіметінің 27.12.2011 № 1613 Қаулысымен.(30.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті  лицензиялау ережесі; 
2) темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын   біліктілік талаптары   бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352  қаулысына   мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-тармақтағы»"15," деген сандар алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 618  қаулысы
  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 
301-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың  16-тармағы   (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы»25»шілдедегі
 N 628 қаулысымен
 бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1.   Осы Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының  "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы "
2003 жылғы 12 маусымдағы және  "Лицензиялау туралы "
2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауды (бұдан әрі - лицензиялау) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.