• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы  ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың  тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң  тiзбесi  бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Iшкi әскерлер комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi туралы  ереже  және оның  құрылымы  бекiтiлсiн.
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына; 
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 134 қаулысымен. (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 22 маусымдағы
 N 607 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 
Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi ведомстволары болады. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2006. № 313 қаулысымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады. 
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында шоттары болады. 
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 
5. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады. 
6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 
010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4. 
8. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi. 
9. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 
11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
Министрлiкке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
12. Министрлiк Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: 
қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi; 
өз құзыретiндегi мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi; 
iшкi iстер органдарының жүйесiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады; 
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы және iшкi iстер органдарының қарамағына жататын өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
қоғамдық тәртiпте сақтауды және қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi; 
қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады; 
жеңiл, жүк автомобильдерiн және автобустарды, олардың базасында дайындалған арнайы автомобильдердi, мотоциклдер мен мотороллерлердi, автомобильдермен бiрге қозғалуға арналған тiркемелердi қоса алғанда, мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және оларды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу тәртiбiн айқындайды; 
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық ғылымды дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды; 
iшкi iстер органдарының жүйесiндегi мемлекеттiк кадр саясатын айқындайды; 
мемлекеттiк нөмiрлiк тiркеу белгiлерiнiң, көлiк құралдары мен тiркемелердi тiркеу туралы куәлiктердiң, жүргiзушi куәлiктерiнiң және көлiк құралдары мен жүргiзушiлерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажеттi басқа да арнайы өнiм үлгiлерiн бекiтедi;