• Мое избранное
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 5

Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
Редакция 22.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 588 Қаулысына сәйкес (12.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2015 жылы № 150 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1456 қаулысымен
 бекітілген
  • 3
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2012 жылғы № 1111 Қаулысымен (30.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 06.09.2012 жылы № 588-589 (27662) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 405 Қаулысымен (31.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 24.08.2013 жылы № 197 (28136) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2013 жылғы № 706 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 17.10.2013 жылы № 233 (28172) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.07.2013 жылғы № 721 қаулысымен (10.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 07.09.2013 жылы № 206 (28145) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 588 Қаулысына сәйкес (12.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2015 жылы № 150 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Негізгі ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жер қойнауының аз зерттелген учаскелері - болжамды ресурстарының перспективалары алдын ала бағаланған жер қойнауы учаскелері;
2) аукцион - аукционға қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындаудың оңайлатылған рәсімі;
3) барлауға арналған үлгілік келісімшарт - барлау құқығы Жер қойнауы туралы заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғамен құзыретті орган бекітетін нысан бойынша жасалатын келісімшарт;
4) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия - конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құзыретті орган құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
5) конкурс - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға құқығы бар жеңімпазды айқындауға арналған тендер немесе аукцион;
6) тендер - конкурстық ұсыныстар берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау рәсімі.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) бірлескен барлау мен өндіру;
5) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін беріледі.
4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу арқылы жүргізіледі.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшарт (шарт) жасасу тәртібін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Кең таралғандарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беруді құзыретті орган жүзеге асырады.
Мыналар:
1) көмірсутек шикізатты, уранды және көмірді барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
2) уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларын, емдік балшықтарды және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі құзыретті органдар болып табылады.
6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
7. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
8. Жер қойнауы туралы заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай тәсілдермен:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізу жолымен;
2) конкурс өткізбей, тікелей келіссөздер негізінде;
3) Жер қойнауы туралы заңның 35-бабының 5, 6 және 9-тармақтарында белгіленген жағдайларда, уәкілетті органның жазбаша рұқсаты немесе шарт негізінде;
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану құқығына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жазбаша рұқсатының негізінде беріледі.
9. Жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы туралы заңда және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт күшіне енген кезден бастап берілді және туындады деп есептеледі.
10. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Жер қойнауы туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес өткізеді.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі
Жер қойнауын беруге арналған конкурс өткізуді ұйымдастыру
11. Конкурс құзыретті орган бекіткен жер қойнауы учаскелеріне немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелеріне қатысты өткізіледі.
12. Құзыретті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары кен орындарының қорларына қатысты жер қойнауының мемлекеттік сараптамасынан және бекітілген қорлардың болуы расталғаннан кейін ғана өндіруге арналған конкурс өткізіп, келісімшарттар жасасады.
13. Конкурс өткізу және оны өткізу шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурс өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалардың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер берудің соңғы мерзімінен кешіктірмей конкурс өткізу тәртібіне байланысты ақпарат алуға құқығы бар.
14. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған тендер өткізу туралы хабарламада:
1) өткізілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтінімдер беру мерзімі мен орны;
2) тендердің негізгі шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілгелі отырған жер қойнауы учаскелерінің орналасқан жерін көрсету және оның қысқаша сипаттамасы;
4) тендерге қатысу үшін жарна мөлшері туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелері;
5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері;