Bestprofi Logo

Қаулы № 777 от 2006-08-17г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2019 г.

Документ на казахском языке

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 777 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2019 жылғы № 766 Қаулысына сәйкес

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

2) Әскери қызметшiнiң отбасылық-мүлiктiк жағдайын тексеру актiсiнiң үлгi нысаны;

3) Аттестаттауға жататын әскери қызметшiге аттестаттау парағының үлгi нысаны;

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

бекiтiлген

Нысанға өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2007 № 352 Қаулысымен (17.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі)

Әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарттың үлгі нысаны

_____________________________________________________________ атынан

(уәкiлетті мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi)

(уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының

атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы)

(келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамның (бұдан әрi -

(оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi мен берiлген

заңнамада және осы келiсiм-шартта белгiленген талаптарда __________ құрамының лауазымдарында _______ мерзiмге осы әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шартты (бұдан әрi - келiсiм-шарт) жасасты.

1. ___________ лауазымына әскери қызметке ерiктi түрде кiретiн азамат "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңында (бұдан әрi - Заң), "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесiн бекiту туралы" (бұдан әрi - Әскери қызмет өткеру ережесi) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында көзделген шарттармен таныстырылды және әскери қызметтiң зиянды және қауiптi жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты шектелген құқықтары туралы ескертiлдi.

2. Әскери қызметке кiретiн азамат мыналарға мiндеттi:

2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн заңнамалық кесiмдермен белгiленген шектеулердi қабылдауға;

3) келiсiм-шартты қолдану кезеңi iшiнде әскери қызмет мiндеттерiн адал орындауға;

4) әскери тәртiп пен қызмет этикасы ережелерiн сақтауға;

5) қызмет үдерiсiнде мемлекеттiк мүлiкке зиян келтiруге жол бермеуге;

6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Iшкi қызмет жарғысында белгiленген мерзiмде тиiстi лауазымды адам тағайындайтын лауазымды қабылдауға;

7) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, оның iшiнде әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт iшiнде жария етпеуге;

9) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қауiп төндiретiн ахуалдың туындағаны туралы хабарлауға;

10) берiлген өкiлеттіктер шегiнде командирлер (бастықтар) және өзге де лауазымды адамдар берген бұйрықтар мен өкiмдердi орындауға.

3. _________ әскери лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн азаматтың мыналарға құқығы бар:

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание