Toggle Dropdown
Осы редакция 19.08.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
Туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйек N 1213
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған Туристiк қызметтi лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
Toggle Dropdown
1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережеге қосымшада:
Toggle Dropdown
1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"11) туристiк операторлық қызмет 5 туристiк агенттiк қызмет 15 экскурсиялық қызмет 5 туризм нұсқаушысының қызметiн көрсету 1";
Toggle Dropdown
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Toggle Dropdown
реттік саны 36-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"туристік операторлық қызмет, туристік агенттік қызмет, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметін көрсету";
Toggle Dropdown
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. "Туристiк қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 179 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 71-құжат) 1 және 2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1213 қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
Туристiк қызметті лицензиялау ережесi
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Заң), "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - "Лицензиялау туралы" Заң), өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және уәкiлеттi органның-лицензиардың туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк, экскурсияларды, қызметтердi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензия беру тәртiбiн, шарттарын, есебiн жүргiзуiн белгiлейдi.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгiленген талаптарды сақтаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына лицензия алу құқығы берiледi.
Toggle Dropdown
3. Шетелдiк заңды тұлғалар және олардың Қазақстан Республикасының аумағында құрылған әрi турагенттiк қызметтi жүзеге асырушы филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының туристiк ұйымдарына арналған сондай шарттармен және тәртiппен лицензиялануы тиiс.
Toggle Dropdown
4. Туристiк қызметтi (туроператорлық, турагенттiк, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн) жүзеге асыру құқығы үшiн берiлетiн лицензия бас лицензия болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүредi.
Toggle Dropdown
6. Өтiнушi лицензия алғаннан кейін лицензия берiлген кезден бастап жетi ай iшiнде көрсетілетiн туристiк қызметтерге сертификат алуға мiндеттi, содан кейiн олардың көшiрмелерiн лицензиарға тапсырады.
Toggle Dropdown
2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
Toggle Dropdown
7. Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
Toggle Dropdown
1) туроператорлық;
Toggle Dropdown
2) турагенттiк;
Toggle Dropdown
3) экскурсиялық;
Toggle Dropdown
4) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуi.
Toggle Dropdown
8. Заңды тұлға-өтiнушiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi соның құрамында лицензияланады. Филиал немесе өкiлдiк туралы ереже мен тiркеу құжаттары лицензиарға көрсетiлуi тиiс.
Toggle Dropdown
9. Заңды тұлға-өтiнушi филиал немесе өкiлдiк ашқан жағдайда, 30 күн ішiнде лицензиарды хабардар етедi.
Toggle Dropdown
10. Лицензия субъектiге немесе оның уәкiлеттi өкiлiне сенiмхат негiзiнде берiледi.
Toggle Dropdown
11. Лицензия бiр данада берiледi, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтiнiш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығы үшiн алым (бұдан әрi - лицензиялық алым) төлейдi.
Toggle Dropdown
12. Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайда, ол бiр ай iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн ішiнде лицензияны қайта рәсiмдейдi.
Toggle Dropdown
13. Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгiленген мерзiмге берiледi.
Toggle Dropdown
14. Лицензиардың басшысы не осыған уәкiлетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрiмен куәландырылады.
Toggle Dropdown
15. Туристiк қызметтiң тиiстi түрiмен айналысу құқығына лицензия өтiнушiге осы Ереженiң 3-бөлiмiнде көрсетiлген білiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда берiледi.
Toggle Dropdown
16. Туроператорлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
Toggle Dropdown
1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
Toggle Dropdown
2) лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжат;
Toggle Dropdown
3) жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Toggle Dropdown
4) кеңсеге арналған меншiктi немесе жалға алынған үй-жайы бар екендiгiн растайтын құжат;
Toggle Dropdown
5) меншiктi немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендiгiн растайтын құжат не туристердi орналастыру орындарды, туристiк жарақтар, көлiк ұсынуға арналған қажеттi материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
Toggle Dropdown
6) бiлiмi және жұмыс өтiлi туралы құжаттардың көшiрмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тiзiмi;
Toggle Dropdown
7) туристiк қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлікті сақтандыру шартының көшiрмесi;
Toggle Dropdown
8) тасымалдаушымен шарттың көшiрмесi;