Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 610 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2008 № 1226, 30.01.2010 № 43 Қаулыларымен. (26.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Театрлар
1. "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Концерттік ұйымдар
10. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамы.
Мұражайлар
17. "Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесі.
18. "Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
19. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
21. "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
22. "Республикалық кітап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Кино
23. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы.
Тарихи-мәдени қорықтар
24. "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
25. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
26. "Әзірет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
27. "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
28. "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
29. "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесі.
30. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
30-1. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Кітапханалар
31. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі.
32. "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" мемлекеттік мекемесі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |