• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 01.06.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1191 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 21 қазандағы N 1208 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 27 қарашадағы
 N 1191 қаулысымен
 бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде: 
11-тармақтың 7) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұсынуы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;