1. Қоса беріліп отырған:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі (құпия);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі (құпия);
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі (құпия);
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі (құпия);
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық қызметінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі (құпия) бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің академиясы" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Мынадай мемлекеттік мекемелер таратылсын:
1) құпия;
2) құпия;
3) құпия;
4) құпия.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінде:
"Шекара қызметінің аймақтық бірлестіктерінің басқармалары, құрамалары және бөлімдері заңды тұлғалар болып табылады.";
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Академиясына әдістемелік басшылық жасау;";
3. Құпия.
4. Құпия.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы ", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы " Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Ұлттық қауіпсіздік комитеті) — Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) күзетуге, Арнаулы ақпарат қызметінің міндеттерін іске асыруға басшылықты, сондай-ақ өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары, ведомостволық бағынысты ұйымдары, аумақтық және өзге де органдары бар.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, өзінің нышаны мен айырым белгісі, мемлекеттік тілде жазылған өзінің атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерінде есепшоттары, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес валюталық есепшоттары бар.
4. Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысады.
5. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысуға құқығы бар.
6. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымын Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің және жұмыскерлерінің штаттық санын Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ұлттық қауіпсіздік органдары штаттық санының лимиті шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейді.
7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 20.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |