• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 340 Жарлығы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828  Жарлығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:
"Облыстардың, Астана және Алматы      Облыс   Облыс   Премьер- 
қалалары әкімдерінің орынбасарлары,   әкімі   әкімі   Министрмен,   әкімдер аппараттарының жетекшілері,                   Әкімшілік   қалалардың, аудандардың және                          Басшысымен"   қалалардағы аудандардың әкімдері       деген жол мынадай мазмұндағы жолдармен ауыстырылсын:
"Облыстардың, Астана және Алматы      Облыс   Облыс   Әкімшілік   қалалары әкімдерінің орынбасарлары,   әкімі   әкімі   Басшысымен   әкімдер аппараттарының жетекшілері
Қалалардың, аудандардың және          Облыс   Облыс   Әкімшілік   қалалардағы аудандардың әкімдері      әкімі   әкімі   Басшысымен,                                                         аудан,                                                         облыстық                                                         маңызы бар                                                         қалалар,                                                         Астана                                                         және Алматы                                                         қалаларының                                                         мәслихатымен";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: 
8-тармақта: 
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"8. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының, әкімдер аппараттары жетекшілерінің қызметтеріне тағайындауларды оларға қатысты жоғары тұрған әкімдер Президент Әкімшілігінің келісуімен жүргізеді. Қалалар және аудандар әкімдерінің, қалалардағы аудандар әкімдерінің қызметтеріне тағайындауларды оларға қатысты жоғары тұрған әкімдер Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамдардың келісімімен тиісінше ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, Астана және Алматы қалаларының мәслихатының келісуімен жүргізеді.";
екінші абзацта: 
"тіркелгеннен және зерделенгеннен кейін мәселені Үкіметте келісу үшін Премьер-Министр Кеңсесіне жіберіледі" деген сөздер "тіркеледі және зерделенеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "Мәселе Үкіметте қаралғаннан кейін материалдар қайтадан Кадр саясаты бөліміне беріледі, ол" деген сөздер "Кадр саясаты бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің" деген сөздер "Президент Әкімшілігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "және Үкіметпен" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа   сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Президенті