Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1199
#$: Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
Осы редакция 30.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
#$: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесі
: Ереженің атауына өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банк шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.
: 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 09.07.2009. № 60 (23.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі ), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", "Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына көзделген ұғымдар пайдаланылады.
#$: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.03.2003 № 90; 24.01.2006 № 2; 09.07.2009. № 60 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
: 3-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
4. Банктiк есепшоттарды теңгемен де, шетелдiк валютамен де ашуға және жүргiзуге болады және олар ағымдағы, жинақ шоттары және корреспонденттік есепшоттар болып бөлінеді.
Ағымдағы және жинақ шоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.
Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.
: 4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 24.01.2006 № 2; 24.08.2009 № 85 қаулыларымен. (21.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
6-1. Резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлға салық төлеушіге, оның құрылымдық бөлімшелеріне, жеке кәсіпкерге, жеке нотариусқа және адвокатқа, резидент емес жеке тұлғаға және азаматтығы жоқ тұлғаға жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің жинақ шоттарын және (немесе) шетелдік корреспондент банктердің корреспонденттік шоттарын қоспағанда, банк шоттарын ашудан бас тарту салық заңнамасында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған жағдайда жүзеге асырылады.
: 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 09.07.2009. № 60 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
: 7-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
1-1-тарау. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы
#$1-1-тараумен толықтырылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.10.2007. № 123 Қаулысымен.(қолданысқа 07.06.2010 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз)
7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
7-2. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді. Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген.
2-тарау. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу тәртiбi
: 2-тараудың атауына өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 24.01.2006 № 2; 24.08.2009 № 85 қаулыларымен. (21.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы шот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
: 8-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 24.01.2006 № 2; 24.08.2009 № 85 қаулыларымен 01.2012 бастап 9-тармақ өзгерту қарастырылған ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.07.2011 № 65 Қаулысымен (21.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз).(2-тармақты қараңыз)
9. Банктiк есепшот шартында мыналар болуға тиiстi:
1) шарттың мәнi;
2) банктік шот ашқан кезде тиісті құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші клиенттің тіркеу нөмірі;
3) банкте жатқан ақшаны жұмсау тәртiбi;
4) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртiбi.
Банктiк есепшот шартында тараптар келiскен өзге де талаптар болуы мүмкiн.
: 9-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 20.07.2007 № 76 20 (18.01.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа 13.08.2010 бастап енгізілуі тиіс, 2-т. қараңыз).08.2010 № 76 Қаулылары мен.(қолданысқа 13.08.2010 бастап енгізілуі тиіс, 2-т. қараңыз)
10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
#$01.2012 бастап 11-тармаққа өзгерту қарастырылған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.07.2011 № 65 Қаулысымен.(2-тармақты қараңыз)
11. Банктiк есепшот ашу үшiн клиент мынадай құжаттар тапсыруы қажет:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттерi және олардың оқшауланған бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) үшiн:
қол қою үлгiлерi және мөр таңбасы бар құжат;
клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген қүжаттың көшірмесі;
мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін - қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын, орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариалды түрде куәландырған құжаттар;
филиалдар мен өкiлдiктер, заңды тұлғалардың өзге нысандары үшiн - филиалдың және өкiлдiктiң басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенiмхаттың көшiрмесi;
жарғының (оқшауланған бөлiмшелер үшiн - Ереженiң) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттiң қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң рұқсаты;
2) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметті жүзеге асырмайтын резидент жеке тұлғалары үшін:
жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; жеке куәлігі);

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |